Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керек

Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керек
фото: https://www.youtube.com

       Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады. Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар – тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті.

       Алайда тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) өнімдерін мөлшерден тыс пайдалану адам денсаулығына кері әсер беруі мүмкін.

       Өздеріңіз белетіндей, қазіргі уақытта интернет желілерінде, газет-журнал беттерінде тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) өнімдерінің әр-түрлі жарнамалары көз қызықтырады.

       Алайда тұтынушы ретінде бұл өнімдердің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен әр-түрлі жарнамаларға алданып аталған өнімді таңдап, сатып алып, қабылдап жататындығымыз белгілі.

       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қазаны №ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары» негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

       Қағидаға сәйкес Биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасында төмендегідей мәліметтер толық қамтылуы тиіс:

-    сауда айналымындағы атауы;

- құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;

- қолданудың негізгі көрсеткіштері;

- қолдану тәсілі және дозалары;

- негізгі жанама әсерлері;

- негізгі қарсы көрсетілімдері;

- балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;

- шығару/сату шарттары;

- қолдануға көрнекі және түсінікті ұсыныс;

- өндірушінің атауы, мекенжайы және өндіруші ҚР бойынша шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлға;

- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні туралы ақпараттар қамтылуы керек және де биологиялық белсенді қоспалардың дәрілік зат емес екендігі туралы ескерту көрсетілуі керек.

​       Жоғарыда атап өткендей, Тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) өнімдерін жарнамалау барысында жарнама беруші тарапынан «Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020» бұйрығы талаптары көп жағдайда ескерілмей жатады.

       Ал жарнама беруші және жарнама тарату тұлғалардан Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) өнімдерін жарнамалау немесе тарату барысында жоғарыда көрсетілген қағидалар талаптарын қатаң сақтаулары қажет және жарнама тарату жоғарыда көрсетілген қағида талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз.

       Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын  бақылау  бөлімінің бас маманы Алимкожаева Жанар Жапарқызы.