
фото: pixabay.com
Қарағандыда туған қыздарын сексуалдық құлдыққа сатқан аналар ұсталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар кәмелет жасына толмаған бойжеткендерін 60 жастағы азаматқа сатып, ақшалай сыйақы алып отырған. Ал ер адам үлбіреген жас қыздарды жыныстық қатынасқа тартып, видео түсірген. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу басталды.
"STOP-трафик" операциясы аясында полицейлер жаға ұстатарлық қылмыстарды әшкереледі. Атап айтсақ, Шымкентте төрт адамнан тұратын топ ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қыздарды жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік фото-суреттермен бопсалап отырған. Ал Алматыда "боди-массаж" салондарын ұйымдастырған жеті адам ұсталды. Сонымен қатар Түркістан облысында телеграмдағы жабық топтарда кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген бейнежазбаларды сатумен айналысқан екі қызылордалық азамат қолға түсті.
"Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты 40 қылмысты анықтады. Сонымен бірге жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайлар ұсыну бойынша 156 және қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді", – деді ІІМ баспасөз хытшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через