Алматы әлемнің ең лас қалаларының қатарына енді

Алматы әлемнің ең лас қалаларының қатарына енді
фото: Сапалы Қазақстан

Алматы жыл басында әлемдегі ең ластанған қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

 Дүние жүзіндегі ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылайтын швейцариялық IQAir компаниясының сайтының 10 ақпанда жариялаған мәліметі бойынша, Алматы бірінші орында тұрды. 

Фото: iqair.com.

Бұл Алматының «ұятты» тізімге енгені бірінші рет емес. Өткен жылы  әлемдегі ең ластанған қалалар рейтингінде бесінші орында болды.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ауаның ластануының негізгі себебі ретінде көлік пен тұрғын-үйлердің тығыз орналасуын  атап өтті. Мемлекет басшысы Алматыдағы ластанған ауа қала тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналғанын және оны тез арада шешуді қажет екенін алға тартқан еді. Президенттің тапсырмасынан кейін қала басшылығы бұл шаруаны реттеуді қолға алса керек. kt.kz сайтының дерегіне  сүйенсек, бүгінде қала рейтингте 11-ші орында тұр. Бір айдың ішінде осындай көрсеткішке жетіп отыр.

 Жер жүзінде қай елдің ауасы таза

 7 елде ғана ауа сапасы ДДСҰ белгілеген нормаларға сәйкес келеді екен. IQAir компаниясы әлем елдеріндегі ауа сапасына қатысты 2024 жылы жүргізген зерттеуінің қорытындысын жариялады, деп жазды Informburo.kz.. Зерттеу әлемнің 7 елінде ғана ауадағы PM2.5 микробөлшектерінің деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормаларға сәйкес келетінін көрсеткен

2024 жылы PM2.5 деңгейі бұл елдерде белгіленген нормадан кемінде 10 есе, ал Чадта 18 есе жоғары болған. Сонымен қатар, әлемдегі ең нашар ауасы бар 10 қаланың 6-уы Үндістанда орналасқан.

Ауасы ең таза елдер: Исландия, Австралия, Жаңа Зеландия, Эстония және бірнеше шағын арал мемлекеттері. Бұл елдерде ауадағы PM2.5 деңгейі 1 шаршы мерт үшін 5 микрограмнан аспайды, яғни ДДҰ талаптарына толықтай сәйкес келеді. 

Ауасы ең лас елдер: Чад, Пәкістан, Бангладеш, Конго Демократиялық Республикасы және Үндістан.

Индекс дүние жүзіндегі қалалардағы ластанудың жалпы деңгейін бағалауды қамтамасыз етеді. Ол ауа мен судың ластануы, қалдықтарды кәдеге жарату, тазалық, шу мен жарықтың ластануы, жасыл кеңістіктер және ластануға байланысты өмір сүру жайлылығы сияқты факторларды ескереді.

Қазақстан рейтингте қай орынға жайғасқан?

Дүние жүзіндегі 106 елдің ішінде 30-шы орынға ие болды. Бұл рейтингтегі 1-орын – ең нашар, ал  соңғысы ең жақсы  көрсеткіш саналады.

Фото: esquire.kz.

Біз қашанда өзімізді өзгелермен салыстырғанды ұнатамыз. Сондықтан бұл тізімде көршіліреміздің нешінді орынды иеленгеніне де тоқталамыз.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ластану деңгейі бойынша Әзірбайжаннан кейін екінші орында тұр. ТМД-дағы ең таза ел – Беларусь. Ресей, Армения, Молдова елдерінің де жағдайы Қазақстанға қарағанда жақсы болып шықты.

Ауаның ластануы адам денсаулығы үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстайық. Таза ауаны сақтаудың бірнеше жолы бар: оттегі бөлетін ағаштарды отауды, ормандарды кесумен күресу, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жағуға тыйым салу және зиянды заттардың шығаруына жол бермеу үшін өндірісті жаңғырту.