
фото: pixabay.com
"Ұстаз" сөзі көне түркі тілінен шыққан. Бұл сөздің түп негізі араб тіліндегі "устад" сөзімен байланысты, ол "мұғалім", "оқытушы" деген мағынаны білдіреді. Араб тілінен түркі халықтарына, соның ішінде қазақ тіліне де енген.
Түркі тілдерінде "ұстаз" сөзі бірте-бірте кең мағынаға ие болып, тек мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәлімгерлерді де қамтитын ұғымға айналған, деп жазды muslim.kz.
Қазақ қоғамында білім әрқашан жоғары бағаланған. Ұстаз – білімді таратушы, оны жеткізуші тұлға болғандықтан, оған деген құрмет ерекше. Білімнің қасиеттілігін түсінген қазақ халқы ұстазды құрметтеуді парыз санаған. Ал бүгінгі таңда ұстазға қандай құмет көрсетіп жүрміз?

Фото: pixabay.com.
Мұғалімдерге сыйлық алуға қатаң тыйым салынған. Бұған дейін мұғалімдерге мерекелерде шағын сыйлық беру дәстүрге айналып кеткен болатын. Сондықтан ұстаздардың мерекелерде материалдық сыйлық алуы заңға қайшы. Мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде мұғалімдерге сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатады.
«Сыйлық беру – міндетті емес. Мұғалім еңбегін бағалаудың ең үлкен сыйы – оқушылардың тәртібі мен білімге деген ынтасы. Шынайы алғыс, жылы сөздер, оқушылардың жетістігі – ең құнды сый», – дейді Алматы қаласындағы 116 орта білім беру мектебінің ұстазы Ардақ Тойбазарова.
Біздің елде мектептегі мұғалімдердің көпшілігі әйелдер болғандықтан, көктем келгенде оқушылар мен олардың ата-аналары тарапынан 8 наурыз қарсаңында мұғалімге сыйлық таңдау мәселесі қызу талқыға түсетіні жасырын емес.
Осы орайда, құлақтың тыныштығын ойлаған кейбір ұстаздар сыйлақ алудан бірден бас тартады. Бірақ ата-аналар көп жағдайда сыйлық беруге келгенде ҚР заңнамалары мен этикалық нормаларға жүгіну керек екені жайлы ойлап, таразыға салмайды.

Фото: pixabay.com.
Білікті заңгерлер сыбайлас жемқорлық комитеті қызметкерлері мұғалімдерге мүлдем сыйлық алуға болмайтынын алға тартады.
Алайда 8 наурызға орай ұстазға не сыйлаймыз деп мессенжерлерде алашапқын болатын ата-аналардың назарына! Мерекеге орай, мұғалімдерге гүл сыйлауға болады. Бірақ гүлшоғының құны заңмен бектілген.
Мұғалімге қандай сыйлық беруге болады?
- Келеңсіздік туындамас үшін оның бағасы аса қымбат болмағаны абзал. Гүл сый ретінде қандай жағдайда болмасын ұтымды әрі әдемі.
- Тиімді сыйлық ретінде оқушының өз қолымен жасаған затын атап өтуге болады. Себебі қолдан жасалған дүние шын көңіл мен ниеттен туындайды. Мәселен, тоқыма, бисер, қағазға салынған сурет сынды өнерден туындаған сый үлкен еңбекпен жасалды әрі көрнекілік құрал ретінде таптырмас дүние.
- Жалпы мұғалімді қолайсыз жағдайға түсірмей, сый жасаудың тағы бір әдісі – оқушының оқуда ілгерілік танытып, жақсы нәтижелер көрсетуі.
Оқу-ағарту министрлігі ұстазды құттықтау заң бұзу боп саналмайды дейді. Бірақ ұжымдасып ақша жинап, қымбат сыйлық алудан аулақ болу керек екенін ескертеді. Сый-сияпат құны 5 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Биыл оның көлемі 19 мың 660 теңге.
Сыйлық алу, сыйлық беру адамдар арасында жылулық ұялататыны рас. Десек те, шегін біліп, шеттен шықпау қажеттігін ұмытпаған жөн.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через