
фото: pixabay.com
Технологияның қаншалықты жылдам дамып жатқанын ескере отырып, 100 жылдан кейін не болатынын болжай алмаймыз, бірақ біз тенденцияны көре аламыз. Біз енді атпен саяхаттамаймыз, өйткені автокөлік бар, біз газеттерді сирек оқимыз және теледидарды сирек көреміз, өйткені интернет бар, хат жазбаймыз, барлық хабарламаны телефонмен жолдаймыз. Мұны аз десеңіз, біз жасанды интелект дәуіріне қадам басып жатырмыз.
Жасанды интеллект алдағы онжылдықтарда біздің өміріміздің бір бөлігіне айналады. Стивен Хокинг пен Илон Маск сияқты сарапшылар адам дамуы деңгейіндегі жасанды интеллект 2030 жылы пайда болады деп мәлімдейді. Ол даму жағынан үлкен артықшылыққа ие болатын көрінеді. Қазірдің өзінде виртуалды көмекшілер адамдардың өмірін, бизнес жүргізуді жеңілдетіп, бизнес-процестерді оңтайландыруға ықпал ете бастады.
Роботтар тауарды қаптайды, металды кеседі, тіпті адамдарды емдейді.Тіпті, адамдар бір-бірімен шет тілін білмей де араласа алады. Қазір ағылшын тілін білмесеңіз де шетелдіктермен дауыстық көмекшінің көмегімен сөйлесу мүмкінлігі туды. Пайдалы қосымшалар адамдардың сөздерін басқа тілге сол мезетте аударады.

Фото: pixabay.com.
Жасанды интеллект білім беру саласында қалай көмектеседі?
Жасанды интеллект мұғалімдер мен оқытушылардың күнделікті жүктемесін азайтады. Мысалы, Gradescope бағдарламасы физика, математика, химия, биология және басқа пәндер бойынша тесттерді тексеруге мүмкіндік береді. Жұмыстың мазмұнын, тесттерді тексереді. Жасанды интеллект алгоритмдері оқушының деңгейін анықтауға және олар үшін жеке оқу жоспарын жасауға көмектеседі.
Жасанды интеллект жастарға қолдау көрсетеді.
Адам ойлап тапөан робот адамдардың өзіне көмектеседі, моральдық қолдау көрсетеді деп кім ойлаған. Мысалы, Эмори университетінің (АҚШ) студенттері жасанды интеллектке негізделген Эмора чат-ботын жасап шығарды, ол терең тақырыптарда сөйлесе алады және алаңдаушылық пен депрессияға ұшыраған адамдарға көмектесе алады.
ҰБТ сұрақтарын жасанды интеллект дайындайды
Жасанды интелект біздің өмірімізге де еніп жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын әзірлеу үшін жасанды интеллект қолданылады. Ал тест тапсыру ережелері мен грантқа түсу мүмкіндіктерін білу үшін «AI Talapker» чат-боты жұмыс істейді. Бұл туралы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлімдеді. Министрлік қазір жаңа технологиямен жұмыс істейтін арнайы кадр әзірлеп жатыр. Бүгінде 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасы енгізілген. Онда 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр, деп жазды qazaqstan.tv.
Былтыр «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің стандарты енгізілді. Соның негізінде білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдаланудың жалпы принциптері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бағыттары айқындалды. Сондай-ақ министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыретті игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламасына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізді, деп мәлімдеді ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов.

Фото: pixabay.com.
Жасанды интеллектті кім үйретеді?
AI-жаттықтырушы (AI-trainer) - бұл жасанды интеллектіні дұрыс, сауатты, қисынды және сұрауларға қатысты жауаптар жасауға үйрететін маман. AI-жаттықтырушының негізгі мақсаты - нейрожелінің алға қойылған міндеттерді тиімді орындауын қамтамасыз ету. Жасанды интеллект мұғалімдерге арналған әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру және нақты уақыт режимінде кері байланыс пен бағалауды қамтамасыз ету арқылы білім беруді өзгерте алады. Ол сондай-ақ оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін деректердің үлкен көлемін талдай алады, бұл мақсатты оқытуға және оқу ортасына бейімделуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?
Жасанды интеллект адамды толығымен алмастыра алмайды. Ол күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға және үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге көмектесетін, бірақ адамның бағалауын, шығармашылық ойлауын және тұлғалық дағдыларын алмастыра алмайтын пайдалы құрал болуы мүмкін. Адамдармен өзара іс-қимылдың негізгі аспектісі эмпатия болып табылады. Жасанды интеллект эмоцияларды түсінуге және оларға көңіл бөлуге қабілетсіз. Сондықтан ол психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және эмоциялық қолдауды талап ететін басқа да мамандық иелерін алмастыра алмайды.
Адамзат баласы компьютерге тізгінді толық бермеңіз
Уақыт өте келе компьютерлер тәуелсіз шешім қабылдауды үйренетіні сөзсіз және бұл шешімдердің қандай болатыны бізге байланысты. Жасанды интеллектіге тізгінді толық бермес бұрын, алдымен оның адамдарға зиян келтірмейтініне көз жеткізу үшін оны сынап көруіміз керек. Жасанды интеллект қаншалықты дамығанымен, ерте ме, кеш пе, оның қателікке ұрынуы мүмкін. Оны салдары қалай болатынын айту қиын. Сондықтан адамзат баласы қырағылықты назардан тыс қалдырмауы керек.
Материалды дайындау барысында mitm.institute, scienceforum.ru сайттары жариялаған деректер пайдаланылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через