Коммуналдық төлемдер бір түбіртекке енгізіледі

Коммуналдық төлемдер бір түбіртекке енгізіледі
фото: pixabay.com

Қазақстанда барлық коммуналдық қызмет үшін бірыңғай түбіртек енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова айтты, деп жазды qazaqstan.tv. 

Енді әртүрлі төлем қағазын қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат бір құжатта жинақталады. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова осылай дейді.

Фото: pixabay.com.

Бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету көзделіп отыр.

 Бірыңғай түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн беріледі, ал оны төлеу бірнеше батырманы басу арқылы жүзеге асады. 

Мақсат тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Қазір тиісті мекемелер мен облыс әкімдері жобаны жүзеге асыруға кіріскен.