
фото: pixabay.com
Kazinform агенттігінің «Біздің орта» атты подкастында елімізде 21 жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу мәселелері талқыланды.
Студия қонағы заңгер Аржан Сәдуақас энергетикалық сусындарды сатуға рұқсат беретін лицензия енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
— Лицензия енгізуге болады, бірақ әртүрлі салаларға тым көп лицензия беру тиімсіздікке алып келуі мүмкін. Сол себептен қарайды, қандай нәрсеге лицензия беру керек, темекіге акциздер бар. Бұл жерде энергетикалық сусындарға акциз жоқ, сол себептен де лицензия жоқ шығар. Бұл жағын ойлану керек, лицензия жасөспірімдерге энергетикалық сусынды сатпаудан сақтайды ма, оның тиімділігі қандай болады, — деді Аржан Сәдуақас әңгіме барысында.
Сондай-ақ заңгер энергетикалық сусындарды жасөспірімдерге (21 жасқа толмаған) сатуға тыйым салатын лицензияға қатысты ұсыныс айтты.
— Мүмкін лицензияны енгізіп, егер кәсіпкер жасөспірімге сатқан болса, ол лицензиясынан жарты жылға, бір жылға немесе мәңгіге айрылады. Демек оның дүкенінде ешқашан энергетикалық сусын сатылмау керек, басқалар сата берсін, — дейді ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через