Алматылық ұстаздар жасанды интеллектіні сабақта қолданып жүр

Алматылық ұстаздар жасанды интеллектіні сабақта қолданып жүр
фото: https://www.istockphoto.com

       Алматылық ұстаздар жасанды интеллектінің мүмкіндігін белсенді меңгеріп, оқу процесінде қолдана бастады. №84 мектепте ұйымдастырылған семинарда 100-ге жуық педагог мектеп партасына отырып, білім берудің жаңа технологияларын үйренді. Ұстаздар графикалық суреттер мен мәтін жазып компьютерлік бағдарламаға енгізді.

       Мұғалімдер жасанды интелектіні оқушыларға сабақ түсіндіру, үй тапсырмасын тексеру, жеке әдістеме әзірлеу үшін қолданады. Жасанды зерде көмегімен оқушыларға күрделі тапсырмаларды қарапайым тілмен түсіндіріп, жеке ұсыныстар береді. Соның арқасында балалардың физика мен информатика пәндеріне ынтасы артты. Олар робототехника үйірмесінде ойларын іске асыра бастады. Мәселен, жоғары сынып оқушылары өндіріс пен медицинада қолданатын құралдардың макетін жасады.

       https://24.kz/kz/