фото: https://pixabay.com/ru/
Дипломның түпнұсқа не жалған екенін енді eGov порталында тексеруге болады
Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға таралады.
EGov порталында енді пайдаланушылар онлайн режимде жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қызметіне өтінім бере алады. Бұл пайдаланушыларға білім туралы бұрын алынған құжаттардың түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.
Бұл қызмет:
бұрын жоғалған құжаттың түпнұсқалығын тану туралы куәлікті алуға;
оның телнұсқасын алуға;
шетелде алынған білімнің түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.
Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға таралады.
Қызмет құжаттардың екі санаты бойынша жұмыс істейді:
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар
5 қадам жасап қызметті ала аласыз:
eGov.kz порталында авторизация жасаңыз;
"Білім" бөліміне өтіңіз;
қызметтер тізімінен құжаттың қажетті санатын таңдаңыз: "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану" немесе "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану";
барлық қажетті өрістерді толтырыңыз және файлдарды жүктеңіз;
қызметке ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет);
Жеке кабинетте сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу, ол көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.
Бұл қызметті сондай-ақ ХҚКО-да алуға болады.
https://informburo.kz/kaz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через