Қазақстанда 5G енгізу қашан аяқталады?

Қазақстанда 5G енгізу қашан аяқталады?
фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстан 5G технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы толығырақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады.

"Бүгінде 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс", - деді министр.

2027 жылдың аяғына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 миллиард теңгеден астам инвестиция салатын болады.

https://kaz.tengrinews.kz/