
фото: pixabay.com
Әлеуметтік желіде тараған мәліметті қалалық Полиция департаменті растады.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған. Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Бұған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған.
Соның салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.
- Күдікті 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп жазылған полиция мәліметінде.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через