Қазақстанның төлем картасы шетелдіктерге 12 айға ғана беріледі

Қазақстанның төлем картасы шетелдіктерге 12 айға ғана беріледі
фото: pixabay.com

Білім алу, жұмыс істеу, басқа да себептермен Қазақстанда келген шетел азаматтары үшін банктің төлем карталарын қолдану мерзімі қысқартылды. Бұдан былай олар үшін төлем карталары тек бір жылға дейін жарамды болады.

Бұл талап жаңа карта алғысы келетіндерге қолданылады. Аталған шектеудің қолданыстағы банк карталарына қатысы жоқ. Еңбек келісімі  немесе білім алуға арналған шарттар төлем картасын ұзақ мерзімге ашуға көмектеспейді. 

Ескере кететін тағы бір жайт, шетелдік азаматқа бір ғана карта беріледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, мұндай шектеу шарас - банк саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Әсіресе, есірткі бизнесі мен цифрлық активтердің заңсыз айналымын қысқарту үшін кейбір екінші деңгейлі банктер осындай шектеу енгізіп отыр.

Соңғы бір жыл ішінде көптеген азаматтар білместікпен қылмыстық схемаларға және ақшаны жылыстатуға тартылды, банк карталары киберқылмыс немесе есірткі бизнесі арқылы алынған қаражатты аудару үшін пайдаланылды, деп түсіндірді dzen.ru сайтының тілшісіне Revera Kazakhstan компаниясының жетекші заңгері Әлібек Слан.

Украинадағы әскери операция басталып, Visa және Mastercard төлем жүйелері Ресейден кеткеннен кейін Қазақстан ресейліктердің қоныс аударуы мен карталық туризмнің негізгі бағыттарының біріне айналды. 2022-2024 жылдар аралығында 695 мыңға жуық ресейліктер Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алды. Мұндай мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті мәлімдеді, деп жазды dzen.ru. Қазақстанда жергілікті банктерде карталарды ашу үшін ЖСН тіркеу қажет екені белгілі.

2023 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі шетелдіктер ашқан және есірткіні заңсыз сату үшін пайдаланылған айналымы бірнеше миллиард теңгені құрайтын 1500-ге жуық банк картасын анықтады.

Фото: pixabay.com.

Карточка ма, қолма-қол ақша ма, қайсысы жақсы? 

Қолма-қол ақша мен карта арасындағы таңдау әр адамның жеке қажеттіліктеріне байланысты.

Қолма-қол ақшаны сақтаудың артықшылықтары:

— Ақшаға жылдам қол жеткізу.
— Жинақтардың жоғары өтімділігі.
— Банктік сәтсіздіктерден қорғау.
— Төлемдердің анонимділігі.
— Ақша ағындарын белсендірек бақылау.

Қолма-қол ақшаны сақтаудың кемшіліктері:

— Қаражат инфляциядан қорғалмаған.
—Жоғалту қаупі.
—Тасымалдау қиындығы.

Фото: pixabay.com.

Ақшаны картада сақтаудың артықшылықтары:

— Ақша қаражаттарымен төлемдер мен басқа да операцияларды жүргізудің ыңғайлылығы.
— Шығындарды азайту мүмкіндігі.
— Қаражаттарды сақтандыру.
— Инфляцияның әсерін төмендету.

Ақшаны картада сақтаудың кемшіліктері:

— Қолма-қол ақшаны алуға шектеулер.
— транзакцияларға шектеулер.
— Карточкаға қызмет көрсету шығындары.
— Алаяқтық әрекет қаупі.
— Картаны бұғаттау қаупі.

Егер қомақты қаражатыңыз бар болса, оны сақтаудың барлық тәсілін қарастырыңыз. Бұл ретте қаражаттың бір бөлігін жинақ шотына  аударыңыз, бір бөлігі карточкада болсын, тағы бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде қалтаңызға салып алыңыз.