фото: Polisia.kz/kaz.inform
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттері үшін жауапкершілік барын ескертеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жэасап хабарлайды.
Жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, «дропперлерге» айналып жатады.
2024 жылы 1200-ден астам «дропперге» қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Дроппер" деген кім? (ағылшынша drop — лақтыру деген мағынаны білдіреді) — бұл банк карталарынан ақша алудың заңсыз схемаларына қатысатын адамдар.
Бұлардың екі түрі бар:
Алғашқылары өз қызметінің қылмыстық құрамдас бөлігі туралы хабардар және ерікті және қасақана әрекет етеді.
Екіншілері алаяқтардың құрсауында қалғанын түсінбейді және заң бұзатын схемаға қатысып жатқаны туралы өздеріне есеп бермейді.
Дропперлердің алаяқтық схемасындағы негізгі құралы-Банктік карталар мен телефон нөмірлері.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеуге, күдікті әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Айта кетейік, кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі ұсталған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через