
фото: pixabay.com
Әскерде әлімжеттік мәселесімен қатар сарбаздардан ақша жинау проблемасы бар болып шықты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселенің мән-жайын ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтан сұрадық.
— Бұл бағытта бөлім командирлерімен тыңғылықты жұмыстар жүріп жатыр. Әрбір сарбаз тамақ, киіммен қамтылған. Бірақ, әскери бөлімдер аумағында дүкендер бар, ал балалар тәтті жегісі келеді, оның үстіне қазір ұялы телефон арқылы аударым түрлері жұмыс істейді. Бізде көп құқықбұзушылық болған жоқ. Енді бір-екі жағдай болды, яғни әке-шешесінен 2000-3000 теңге алып, өз қажетіне жаратқан, — деді Қуанышбек Үштаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Одан әрі Қорғаныс министрлігінің өкілі әскердегі әлімжеттік мәселесін қозғады.
— Бір, екі әлімжеттік оқиғалар болған шығар, бірақ жалпы қарулы күштерде әлімжеттік бар дегенге келіспеймін. Әскери қызметшілер 100 пайыз міндетінің 99 пайызын орындап отыр. Әлімжеттік жағдайы бойынша тиесілі жұмыстар жасаймыз, - - деп толықтырды бас штаб бастығы Қуанышбек Үштаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через