
фото: https://kanobu.ru/
Tik Tok қосымшасы Apple дүкенінен жоғалып кетті. Оны жазып алғысы келсе, "Елде бұл қолданбаға тыйым салынған" деген хабарлама шығады.
АҚШ билігі бұған дейін Қытай TikTok арқылы насихат жасауы мүмкін деп сезіктеніп, оны америкалық компанияға сатуды талап еткен болатын. Олар бас тартқандықтан желі толық бұғатталды.
TikTok қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі. Оның бас директоры Шоу Зи Чу қызметкерлерінің олар туралы ақпарат алу үшін журналистердің TikTok аккаунттарын пайдаланғанын мойындағанына қарамастан, америкалықтарға ешқашан тыңшылық жасамайтынын бірнеше рет айтты.
Наурыз айының басында АҚШ үкіметі ByteDance TikTok-ты сатпаса, елде тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через