фото: pixabay.com
Ресейге қарсы жарияланған кезекті санкциялардан кейін теріскейдегі көршіміздің төл ақшасы тағы құлдырады, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бұл жағдайдан кейін Ресеймен экономикалық тығыз байланыс орнатқан елдердің төл ақшалары да құнсыздана бастады. Оның қатарында теңге де бар. Қазақстанның ұлттық валютасы үшін ауыр соққан өткен аптада болған маңызды оқиғаларға қысқаша шолу жасамақпыз.
Девальвацияның себептері
-Трамптың жеңісінен кейінгі доллардың беделі артты. АҚШ доллары қымбаттаса дамушы елдердің валюталары үшін қашан да тиімсіз.
-РФ-дағы Газпромбанкке қарсы жаңа санкциялар енгізілді. Көрші елге валютаның негіізгі ьөлігі осы банк арқылы түсетін. Нәтижесінде ресейлік рубль құнсызданды, іле шала бейсенбі күні таңертең теңге де арзандады.
Фото pixabay.com.
«Бұл құлдырау емес»
- Құлдырау - бұл бағамның бір күнде 50% -ға құлдырауы. Теңге 495-498-ден 507-ге дейін төмендеді, бұл небәрі 2%. Мұндай төмендеуді тіпті жеке қаржы деңгейінде де құлдырау деп атауға болмайды. Теңгенің құлдырауына негіз жоқ, - деп есептейді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамына не болды
Айырбастау орындарында доллар 525 теңгеге сатылды. Бұл бейсенбі күнгі көрсеткіш. АҚШ доллары - 524,58 теңге.
Фото nationalbank.kz.
Осындай қиын жағдайда Ұлттық банк не істеді
1. Базалық мөлшерлемені 15,25% дейін көтерді
2. Валюталық интервенция жүргізді. Бірақ енді мұндай шара қолданылмайды ("Енді интервенция болмайды. Кеше соңғы шара болды ", - деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жұма күні өткен брифингте.
3. Халықты тыныштандырды. «Қазақстан экономикасы 10 ай ішінде 5,3% деңгейінде қысқа мерзімді индикатормен өсуін жалғастыруда», - деді Сүлейменов.
4. Жағымды нәрсе аз екенін айтты. «Мен Ұлттық банк төрағасымын, бағам 500 болды, бұл жағымсыз жағдай», - деп мойындады Тимур Сүлейменов.
Девальвация біздің әмиянымызға қалай әсер етті
• «Теңге бағамы нақты проблемадан алшақтады – инфляция өсіп барады», - дейді экономист Бекнұр Қисықов.
• «Базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты барлығы, тіпті несиелер де қымбаттайды», - UD Capital АҚ активтерді басқару департаментінің директоры Дамир Сейсебаевтың мәлімдемесі;
Әдеттегідей, мұндай жағдайда импорттық техника, жалпы алғанда, сырттан тасымалданатын барлық зат қымбаттайды. Бірақ, Ұлттық банк басшысының сөзіне сенсек, «баға айтарлықтай өспейді».
Егер сіз доллар сатып алып үлгермесеңіз не істеуге болады
• Қаржы құралдарын доллармен сатып алыңыз. Бұл тек көрпенің астында жатпай сізге табыс әкелуі тиіс. Ақшаңызды көбейтетін кәсіпке жұмсаңыз.
• Егер сізде көп мөлшерде теңге болса, жылжымайтын мүлік немесе автокөлік, тұрмыстық техника сатып алыңыз. Егер импорттаушылар бағаны көтеріп жібермесе алып үлгергеніңіз жөн.
Фото pixabay.com.
Қазір не істемеу керек?
Доллар сатып алмау. Сарапшылар доллар бағасы қайта түсетінін болжап отыр. Бірақ нақты қай уақытта екенін пайымдауға қиналады. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы осыдан 3 ай бұрынғы мөлшері - 470-480 теңгеге қайта орала ала ма? Бұл сұраққа жауап қату мамандарға да қиын соғып тұр.
Ұлттық банктің 3 желтоқсанға арналған ресми бағамы:
1 АҚШ доллары - 524,58 теңге.
Ресей рублі - 4,93 теңге.
Еуро — 551,91 теңге.
Бірақ Алматы мен Астананың ақша айырбастау орындары
1 АҚШ долларын - 527 теңгеге, Еуроны 556 теңгеге саудалап жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через