Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
фото: https://pixabay.com/ru/

       Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың денсаулығын және гендік қорды сақтауды айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

       Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді.

       «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті (бұдан әрі – осы техникалық регламент):

1)  техникалық реттеу объектілерін;

2)  техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын;

3)  техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін;

4)  техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді.

       Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, дүние мүлігін және қоршаған ортаны қорғауға, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерін алдын-алу мақсатында жасақталды. Кеден одағының өзге  техникалық регламенттері белгілейтін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және оларға қойылатын талаптарға байланысты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар осы техникалық регламенттің талаптарын өзгерте алмайды.

       Тамақ өнімінің таңбалануы оның таңбалануы бөлігінде тамақ өніміне қатысты талаптарды белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентінің тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылған талаптарына сәйкес болуы керек.

       Сәйкестікті бағалауды өткен тамақ өнімдері тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне Кеден одағы техникалық регламенттерінде өзгеше белгіленбесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісі мен таңбалануы тиіс.

       Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылған тамақ өнімі белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз болуға тиіс.

       Айналымдағы тамақ өнімдерін де адам мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін инфекциялық, паразитарлық ауруды қоздырғыштардың болуына рұқсат етілмейді.

       Тамақ өнімдерінің жарамдылығы мерзімдері мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді.

       Қорыта келгенде, адам өмірінде маңызды болып табылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары және басты назарда болмақ.

       Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мусаева Анель Берикбайқызы.