фото: UzA/kaz.inform.kz
Сауд Арабиясы дәстүрлі газдалған сусындарға жаңа балама – құрамында қанты жоқ Milaf Cola өнімін ұсынды. Бұл өнім елдегі дамып келе жатқан тамақ өнеркәсібін қолдауға және жергілікті және экспорттық өнімдердің түрлерін кеңейтуге арналған, деп жазды kaz.inform.kz.
Эр-Риядтағы құрма фестивалінде Milaf Cola-ның ресми тұсаукесері өткен. Сусынды Сауд Арабиясының жеке инвестициялық қорының (PIF) еншілес ұйымы Thurath Al Madina ұсынған. Компания Milaf Cola-ны ішкі және халықаралық нарыққа шығаруды көздеп отыр.
Фото АЗЕРТАДЖ
Thurath Al Madina бас директоры Бандар әл-Кахтани болашақта құрманы әлемдік нарықта құнарлылығы жоғары өнім ретінде ілгерілету үшін Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жұмыс істейтін жоспарлары бар екенін мәлімдеді.
Елдің құрма өндірісі жылына 1,6 миллион тоннаны құрайды. Бұл ішкі қажеттіліктерден асып түседі.
- Milaf Cola сергітетін сусын ғана емес, сонымен қатар Сауд Арабиясының ауыл шаруашылығы экономикасын дамытуға және құрманы пайдалы өнім ретінде насихаттауға ықпалын тигізеді, - делінген хабарда.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через