фото: http://24.kz/ru
Филиппинде күніне 160 миллионнан астам түрлі пластик қалдық қоқысқа тасталады. Елде ыдырамайтын материалдарды пайдалануға тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан бұл мемлекет әлемде мұхиттарды ең көп ластайтын ел саналады.
Қалдықтардың басым бөлігі – пайдаланылған пластик қаптамалар. Әсіресе бір рет қолданылатын кофе, түрлі дәмдеуіштер, сусабын сияқты арзан, күнделікті тұрмыста тұтынатын заттарды көп. Экологтардың айтуынша, күн сайын осындай 160 миллионнан астам қоқыс қаптамасы лақтырылады екен. Бірақ олар көп ұзамай өзен-теңіз бен мұхиттарға барып түсетін көрінеді.
Филиппиндегі қаптамалардың көпшілігі ыдырымайтын полимер мен алюминий қоспасының аралас материалдардан жасалған. Оларды қайта өңдеу үшін арнайы технологиялар қажет. Ал бұл қымбат. Сондықтан 2008 жылдан бастап елдің бірқатар өңірінде полиэтилен қаптар мен тамақ ыдыстарын өндіруге және сатуға тыйым салынды. Талапты бұзған дүкен, қойма немесе кәсіпорынға 18 доллар көлемінде айыппұл салынады. «Алайда заң билік тарапынан қатаң қадағаланбайтын, реттелмейтіндіктен, пластик тауарларды сатып алу тыйылмай отыр», – дейді экологтар.
Дүниежүзілік банктің дерегіне сүйенсек, Филиппин жыл сайын шамамен 3 миллион тонна пластикалық қалдық шығарады. Оның 20%-і Дүниежүзілік мұхитқа түседі.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через