
фото: https://pixabay.com/ru
Қазақстанда қоқыс полигондарының көбі толып қалған, оларды қалпына келтіру қажет. Бұл мәселені Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көтерді.
— Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 973 қоқыс полигоны бар, оның 608-нің талапқа сәйкес рұқсат құжаты бар, бұл бар-жоғы 20,6%. Полигондардың көбі толып қалған, оларды қалпына келтіру қажет. Мысалы, Атырау, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы полигондары 90% аса толған, Астана қаласында 98%-ға толған, ал Жезқазған қаласында шамадан тыс толып кеткен, — деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.
Осы орайда министр 2023 жылы Үкімет кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткенін айтты.
— Жоспарға сай 100 жаңа полигон салу көзделген. Бүгінде әкімдіктер тек 7-ін салып, іске қосты. 23 полигонның құжаты дайын, 18 полигон бойынша құжат әзірленіп жатыр, — дейді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через