фото: pixabay.com
Даун синдромын жүктіліктің 10-шы аптасында анықтайтын технология келді. Оны Президенттің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы қолдана бастаған. Зерттеу үшін анасынан қан үлгісін ғана алады, деп жазды qazaqstan.tv.
Бізде кіндік түбінен біздей ине салып, шақалақтан анализ алу әдісі, яғни инвазивті әдіс ғана қолданылатын. Мұндай әдістің тітіркендіретіні өз алдына, іштегі шақалаққа зияны тиюі мүмкін процесс.
Енді тест қортындысы қауіп бар екенін көрсетсе ғана кіндік арқылы биоматериал алу әдісі ұсынылады. Себебі бәрібір, болжамның дәлдігін тек инвазивті әдіспен анықтауға болады.
Елімізде генетикалық аурулар көбейді дейміз. Оның арасында Даун синдромы да бар. Иә, жүктілікті үзіп-үзбеуді әр отбасы өзі шешеді. Дегенмен ондай өмірдің оңай болмайтыны түсінікті. «Оңай емес» деген жұмсартып айтқанда.
Әйтпесе азапқа толы тіршілік. Баланы, сосын негізгі салмақ түсетін анасын қолдау жағы нашар екенін білгендіктен, ата-ананың генетикалық ауытқушылық туралы ерте естігені дұрыс деп ойлаймыз. Баяндап тұрған жаңа әдіс тегін емес. Ал әлеуметтік сипаты басым мемлекетте мұны кепіл берілген қызметтер тізіміне енгізеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через