фото: IMAGO/ Alexander Limbach via Reuters Connect/ТАСС
eGov жүйесінде виртуалды көмекші пайда болды. Үкіметтің көшпелі отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев осындай мәлімет келтірді, деп жазды Kazinform.
Министр цифрлық технологиялар халықтың өміріне дендеп енгенінен қарамастан мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды игере алмай жатқан қазақстандықтар көп екенін айтты. Сол үшін жасанды зейін арқылы мемлекеттік қызмет алушыға онлайн көмекші жобасын әзірлеген.
- Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жасанды зейінді енгізу жұмыстарын белсенді түрде бастау қажет деп санаймыз. Азаматтардың негізгі тіршілік әрекеттері цифрландырумен қамтылғанына қарамастан, қосымша көмекші ретінде виртуалды ассистентті енгізу қажет, - деді Жаслан Мәдиев.
Министрдің сөзінше жасанды зейін білім беру саласы мен әлеуметтік бағдарламаларға қарқынды енгізіліп жатыр.
- Бүгінгі таңда цифрлық құжаттар толығымен физикалық құжаттармен теңестірілген. Ел ішінде саяхаттау кезінде азаматтарға құжатын қолға ұстап жүрудің қажет жоқ. Биыл 200 миллионнан астам осындай қызмет көрсетілді. Азаматтарға «онлайн нотариус» қызметі де көрсетіліп отыр. Тіпті нотариус қызметтерін елден тыс жерде отырып та алуға болады. 175 мыңнан астам осында қызмет көрсетілді, - Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ ол жасанды зейін көмегімен 700 мың оқушы тегін тамақпен қамтылғанын атап өтті.
- Ата-аналар оқушының тегін тамақ алғанына жасанды зейін арқылы көз жеткізе алады. Тегін дәрі-дәрмектерді алу қызметін де цифрландырдық. Барлық мемлекеттік дәріханалар осы технологиямен қамтылған және осы ваучер арқылы тегін дәрі-дәрмектерді ала алады, - деді ведомство басшысы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через