фото: https://www.sanovadermatology.com/
Атопиялық дерматит – бүкіл әлемдегі миллиондаған адамға, әсіресе балаларға әсер ететін аллергиялық сипаттағы созылмалы қабыну тері ауруы.
Ауру әдетте балалық шақта, көбінесе өмірдің алғашқы айларында басталады және өмір бойы жалғасуы мүмкін.
"Бұл аурудың басты белгілері – терінің қатты қышуы, қызаруы және қабыршақтануы, сонымен қатар, ауырсыну мен ұйқының бұзылуына әкелетін қабынулар. Атопиялық дерматиттің нақты себептері толығымен анық емес, бірақ олар генетикалық, экологиялық және иммунологиялық факторлардың жиынтығын қамтиды", – деді республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Арай Батырбаева.
Дәрігер атопиялық дерматиттің пациенттердің өмір сапасына айтарлықтай әсер ететінін айтады. Қышу мен қабыну көбінесе ұйқының бұзылуына, ашуланшақтыққа, тіпті депрессияға әкеледі. Сонымен қатар, үнемі қасыну тері инфекцияларына әкелуі мүмкін, бұл симптомдарды нашарлатады.
Арай Батырбаеваның айтуынша, бүгінде атопиялық дерматитті емдеудің әртүрлі тәсілі бар. Оларға жергілікті кортикостероидтар, кремдер, антигистаминдер және кейбір жағдайларда жүйелік препараттар жатады.
"Ерте диагностикалау мен емдеу симптомдарды айтарлықтай жеңілдетеді және терінің күйін жақсартады", – деп қосты дәрігер.
Дүниежүзілік атопиялық дерматит күні – бұл проблема туралы хабардар болу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар осы сырқаттан зардап шеккендер үшін ауруын жеңілдету мүмкіндігі.
https://informburo.kz/kaz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через