фото: pixabay.com
Қазақстандықтар кредитті көп алады деген пікір қалыптасқан. Осы орайда ranking.kz ресурсы еліміздегі несиелік жағдайға толық талдау жасады, деп жазды kaz.inform.kz.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың тұтынушылық кредиттерінің көлемі (ипотекалық кредитті есептемегенде) 12,9 трлн теңгені немесе еліміздің банк секторының жалпы несие портфелінің 38% құрап отыр. Сонымен қатар, аталған сомаға кепілмен және кепілсіз несиелер де кіреді. Салыстырмалы түрде кепілсіз тұтынушылық несиелердің үлесі аз.
Барлығына бірдей кредит беріле ме ?
Олай емес. Қазақстанда жыл сайын халыққа несие беру процесі қатаңдатылып жатыр, әсіресе кепілсіз тұтынушылық кредиттерді мақұлдау деңгейі өте төмен. Биыл үшінші тоқсанда екінші деңгейдегі банктер мақұлданған кредиттердің үлесі:
- ірі кәсіпкерлік субъектілер кредиттері -51%;
- ипотекалық несиелеу - 44,5%;
- орта кәсіпкерлік субъектілер кредиттері - 41,5%;
- шағын кәсіпкерлік субъектілер кредиттері - 35,3%;
- тұтынушылық несиелер — 30,6%;
- кепілсіз тұтынушылық несиелер — 28,7%;
- автонесиелеу -17,2%.
Осылайша, кепілсіз тұтынушылық несиелерді мақұлдау деңгейі несиенің басқа түрлерімен салыстырғанда төмен екенін байқауға болады. Өтінімдердің 70%-дан астамынан бірден бас тартады.
pixabay.com
Кредит қазақстандықтардың қалтасына қаншалықты ауырға соғады ?
Аса салмақ түсірмейтін сияқты. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың кредит пен борышты өтеуге арналған шығыстарының үлесі жалпы шығыстар сомасының 6,9% ғана құрайды. Айта кетсек, халық отбасылық бюджеттің жартысына жуығын тамаққа жұмсайды.
Қарыз жүктемесінің деңгейі
Басқа елдермен салыстырғанда қарыз жүктемесінің деңгейіне келсек, оның көрсеткіші үй шаруашылықтарының қарыздары мен несиелерінің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы бағалауға болады. Бұл көрсеткіш экономика ауқымындағы халықтың борыштық жүктемесінің деңгейін көрсетеді. Мәселен, халықаралық валюта қорының жаңа деректері бойынша (биыл жарияланған, 2022 жылды толық қамтыған), Қазақстандағы үй шаруашылықтарының қарыздары мен кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасы небәрі 13,65%. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш 21,1% Қазақстанмен салыстырғанда 7%-ға артық. Ал Қытайда үй шаруашылықтарының қарыз жүктемесінің деңгейі 64,5%-ға жетті.
Біріншіден, Қазақстанда борыштық жүктеме деңгейі, яғни несиелендіру деңгейі біраз мемлекетке қарағанда бірнеше есе төмен. Екіншіден, қарыз жүктемесінің жоғары деңгейі елдің қарызға батып бара жатқанын және жағдай нашар екенін білдірмейді. Көріп отырғанымыздай, барлық дамыған мемлекеттерде көрсеткіштер жоғары, өйткені бұл елдерде несиелік өнімдер нарықтық экономиканың негізі және негізгі төлем құралы ретінде қолданылады.
Тағы бір факт, халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша, жылдан жылға үй шаруашылықтарының қарыздары мен несиелерінің ЖІӨ-ге қатынасы өсіп келеді, бұл табиғи әлемдік тренд. Бұл ретте Қазақстанда динамика өте қалыпты болып қала береді және жоғары өсуді көрсетпейді, ал ұзақ мерзімді динамикада құлдырау байқалады.
Енді Қазақстан халқына кредит беру нарығын толығырақ қарастырайық. Мемлекеттік кредиттік бюроның (ҰКБ) деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктердің, микро қаржы ұйымдарының, коллекторлық және басқа компаниялардың 8,6 млн-нан астам қарыз алушылары бар.
Жалпы Қазақстанда берешегі бар азаматтардың 84%-дан астамы 1 млн теңге қарызы бар.
Бұл барлық қарыз алушылардың шамамен 39%-н құрайды және жалпы қарыз алушылардың 20%-ның 2 млн теңге көлемінде қарызы бар. Бұл табысы жоғары, тұрақты қаржы көзі бар қарыз алушыларға берілетін ірі несиелер көрсеткіші.
Бұл дегеніміз Қазақстандағы қарыз алушылардың көпшілігінің берешегі аз және несиелер халықтың қалтасына ауыр түспейтіндігін растайды. Қарыздардың негізгі сомасы үлкен сомаға несие алған қарыз алушыларға тиесілі, ал мұндай қарыздар тек тұрақты табысы жоғары адамдарға, яғни үлкен қарыздар үлкен жүктеме емес, табысты адамдарға ғана беріледі.
Әр түрлі көздерден алынған көптеген көрсеткіштерді бағалай отырып, Қазақстан халқының борыштық жүктемесінің деңгейі тіпті қалыпты емес, керісінше өте төмен және азаматтардың қаржылық тұрақтылығына жаһандық қауіп төндірмейді деген қорытындыға келуге болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через