фото: https://www.istockphoto.com/
Кальянды тұтыну тамақтану орындарында, түнгі клубтарда, барлар және казиноларда кездеседі. Дегенмен, тұтынушы оны пайдалану процесінде денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Кальян - темекінің бықсуынан және (немесе) қыздыруынан туындайтын аэрозольді, буды немесе түтінді, сондай-ақ құрамында темекі жапырағы жоқ өнімдерді жұту үшін пайдаланылатын және аэрозоль, бу немесе түтін сұйықтығы бар ыдыс арқылы өтетін аспап.
Айта кетейік, көптеген адамдар кальян темекі шегу денсаулыққа мүлдем зиянсыз және қарапайым темекіге қауіпті емес балама деп санайды.
Бірақ эксперименттердің нәтижелері кальян шегудің зиянын темекі шегуден кем еместігін дәлелдейді.
Ең қобалжытатыны, кальян шегудің салдары - өкпенің қатерлі ісігі, бедеулік, жүрек-қантамыр жүйесінің әртүрлі аурулары, сондай-ақ кальян шегу ұрпақ денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Кальян құрамында темекі сияқты тәуелділік туғызатын никотин бар.
* кальян темекі шегу кезінде айтарлықтай күш жұмсалады, бұл түтіннің өкпенің терең қабаттарына енуіне мүмкіндік береді, оны шығару қиын;
* бір сеанстық кальян тұтыну кезінде адам темекі шегумен салыстырғанда көбірек түтін шығарады;
* кальян түтінінде никотин, бензпирен, көміртегі оксиді бар; сонымен қатар, кальян темекі шегушінің денесінде мышьяк, хром, қорғасын концентрациясының өте жоғары деңгейі бар.
* кальян түтіні, тіпті су сүзгісінен өтіп кетсе де, құрамында улы заттардың көп мөлшері бар, оның ішінде көміртегі тотығы, ауыр металл тұздары және қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстар бар;
* кальянның су сүзгісі де, басқа да қосымша қорғаныс құралдары да кальян темекі шегудің денсаулыққа қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді және тәуелділіктің пайда болуын жоққа шығармайды.
Кальян тартушылардың ішінде болған адамның денсаудығына темекі түтіні бар бөлмеде болғанмен бірдей қауіп төнеді.
Сонымен, улы химиялық заттар дегенмен темекі түтінінің құрамына кіреді.
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 110-б. 5-т. сәйкес, келесі орындарда кальян шегуге тыйым салынады:
Үйлердің кіреберістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтандыру пункттерінде, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, қарау және көрме залдарында, спорт ареналарында, жаппай демалуға арналған орындарда, оның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және дәрісханаларда, поездарда және теңіз және өзен көлігі кемелерінде, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде троллейбустар, такси және қалалық рельстік көлік, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда тыйым салынады. Көп жағдайда кальян шегу - бұл – кезекті сәнді қызығушылық, қоғамның әсері. Бір қарағанда зиянсыз бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді және өскелең ұрпақты қорғай біліңіз.
Айта кету керек елімізде полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізіп жатыр. Осы күнге дейін өткізіліп келе жатқан рейдтерде ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды. 25 миллион теңгеге айыппұл салынған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через