фото: pixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда игі істер марафоны жалғасып жатқанын мәлімдеді. Дәстүрлі жалпыұлттық жоба қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған.
«Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр, деп жазды kaz.inform.kz.
Мысалы, 5 қарашада Павлодар облысында өнер мен шығармашылықты пайдалана отырып, психотерапия мен психологиялық түзетуге бағытталған «ART-терапия» акциясы, 6-7 қарашада Алматы облысында мүгедектігі бар адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады.
Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жоба туралы толық ақпаратты qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через