Қазақстан онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орында тұр

Қазақстан онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орында тұр
фото: pixabay.com

Қазіргі заманғы IT-технологиялар қазақстандық қоғамда барлық салаларда қолданылады, деп жазды kaz.inform.kz.

Еліміздің жетістіктеріне тоқталсақ: БҰҰ электрондық үкіметінің әлемдік рейтингінде 24-орын, онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орын.

Былтыр онлайн режимде 50 млн қызмет көрсетілді, оның 92% үйден шықпай-ақ қолжетімді.

Egov мобильді қосымшасын ай сайын шамамен 4,6 млн адам пайдаланады. 

— Бұл отандық IT мамандардың ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Нәтижесінде, біз қашықтықта жүрсек те, тез байланыса аламыз, жаңа білім ала аламыз, көптеген процестерді автоматтандырдық, еліміздің өсіп, дамуына жаңа мүмкіндіктер бар. Мереке құтты болсын! , — делінген ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» хабарламасында.