Балаларға вакцина салдыру үшін ата-ана электронды түрде келісім беруі керек

Балаларға вакцина салдыру үшін ата-ана электронды түрде келісім беруі керек
фото: pixabay.com

Қазіргі заманғы медицинада жұқпалы аурулардың алдын-алудың вакцинациядан гөрі тиімді құралы жоқ. Бүгінгі таңда вакцинация 20-дан астам қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың жалғыз сенімді әдісі. Вакцинациясыз қазір әлемде қауіпті инфекциялардың эпидемиялары өршіп, елдер арасындағы көлік қатынастарының дамуына байланысты, бүкіл әлемге жүздеген жылдар бұрынғыға қарағанда анағұрлым тезірек таралатын еді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы хабарлайды.

Вакцина салу шарасына қатысты ел заңына өзгеріс енгізілді. Қабылданған құжатқа сәйкесғ енді, балаларға вакцина салу үшін ата-аналар немесе заңды өкіл келісімді электронды түрде береді. Бұл екпе салдырғысы келмейтіндерге де қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгеріс енгізді. 

Егер процесс кезінде техникалық ақау туындаса, растау сканерленген көшірме түрінде қабылданады. Барлық дерек медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі, деп жазды qazaqstan.tv. 

Вакцинациядан кейін науқаста екпенің жанама әсері пайда болса, медицина қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесіне және мемлекеттік сараптама ұйымына жедел электрондық хабарлама жіберуге міндетті. 

Сондай-ақ, екпе алған адам қоңырау шалған жағдайда дәрігер дереу қажетті көмек көрсетіп, қажет болса ауруханаға жатқызуы керек. 

Бұйрық 1-ші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото pixabay.com.

Вакцина дегеніміз не? Вакцина дегеніміз бұл – белгілі бір инфекциялық аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден, яғни бактерия, вирус және т.б. алынып, иммундық қасиетті арттырып, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін адамдар мен жануарлар организміне егілетін препараттар. Вакциналарды өндіру кезінде оларды қажетсіз және зиянды заттардан тазартып, тек аурудан қорғау үшін қажет нәрселерді ғана қалдырады. Осының нәтижесінде олар ауру тудыра алмайды, бірақ иммунитет қалыптастыруға қабілеті сақталады.