фото: Республикалық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі
26 қараша күні Алматы қаласында «АИТВ-ның алдын алу және емдеудегі инновациялық шаралар: саясат, зерттеулер, практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шара 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Дүниежүзілік науқан аясында «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтарының жолые» ұранымен өтеді. Конференцияның тағы бір маңызды себебі – Қазақстанда АИТВ қызметінің құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылуда..
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО); «Қоғамдық денсаулық сақтау» қауымдастығы. Бұл конференция АИТВ мен оған байланысты және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алудың заманауи тәсілдерін жетілдірудің маңызды қадамы болмақ.
Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – ДДСҰ, UNAIDS, USAID, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қор өкілдері қатысады. Шараға Беларусь, Германия, Дания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина елдерінен АИТВ-инфекциясы саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.
Конференция АИТВ және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу саласындағы тәжірибе алмасу мен озық тәжірибелерді талқылауға арналған тиімді алаң болуға бағытталған.
БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәлімдемесі:
Сағат 11:00-де конференцияның негізгі спикерлері журналистерге баспасөзге арналған брифинг өткізеді:
ҚР ДСМ ҚДИАҒО өкілдері;
Стела Бивол – ДДСҰ инфекциялық аурулар бөлімі жетекшісі;
Татьяна Давлетгалиева – ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қор өкілдері қатысады;
Азам Бузуруков – UNAIDS бағдарламалық үйлестірушісі;
Нуралы Аманжолов – Қазақстандық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағының президенті.
Республикалық ЖИТС орталығының баспасөз-хатшысы Марина Максимова.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через