фото: pixabay.com
QS World University Rankings рейтингі 2004 жылдан бері жүргізілуде, оған қазақстандық жоғары оқу орындары 2013 жылдан бері қатысып келеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің флагмандық рейтингінде қазақстандық ЖОО-лардың саны соңғы төрт жылда екі еседен астам өсті, ал соңғы үш жылда 14-тен 21 университетке дейін бір жарым есеге өсті.
«Пәндік рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны төрт жылда төрт есеге өсті (2 жоғары оқу орнынан 8 университетке дейін).
QS Sustainability Rankings тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ерекше орын алады, оның соңғы шығарылымында бірден 12 қазақстандық ЖОО дебют жасап, «Басқару моделі» индикаторы бойынша барынша сенімді нәтижелерді көрсетті.
QS Stars бағдарламасына қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының саны соңғы үш жылда 22-ге дейін өсті. Бұл бағдарлама бедел мен ғылыми өнімділіктен инклюзивтілікке және орнықты дамуға қосқан үлесіне дейін әр университеттің ерекше мықты жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелсіз аудит нәтижелерінің арқасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына шет елдерден дарынды студенттер мен оқытушыларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктер ұсынады», — деп жазды ведомстводан.
2024 жылғы қыркүйекте QS Global MBA Rankings үздік MBA бағдарламаларының рейтингтері жарияланды, онда 2016 жылдан бері алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуы бірден үшке дейін артты.
«Сондай-ақ Қазақстан QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде ұсынылған, оған еліміздің екі қаласы — Астана және Алматы кіреді.
Жоғарыда аталған рейтингтердің соңғы екеуінде — QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings — Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған.
Азия рейтингінің жаңа шығарылымында 25 ел мен аумақтан 985 ЖОО бар. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестікті Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары құрайды.
Жаңа шығарылым рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының позицияларының әсерлі серпінімен ерекшеленді, олардың үштен екісі былтырғы нәтижелерін жақсартты», — делінген ақпаратта.
2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.
22 ЖОО өз позицияларын жақсартты, үш ЖОО өз позицияларын сақтады, бір ЖОО — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті — бір жылдық үзілістен кейін рейтингке оралды.
Еліміздің жетекші үш жоғары оқу орны рейтингтің бірінші жүздігінде тұр, оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және қазір 89-орында тұрған Satbayev University кіреді.
«Қазақстан бедел көрсеткіштерін де едәуір арттырды: рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының 77%-ы академиялық бедел бойынша және 89%-ы жұмыс берушілер арасындағы бедел бойынша өз нәтижелерін жақсартты.
Осылайша, қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық және жұмыс берушілер қауымдастықтарындағы беделі нығая түсуде. Білім беру ортасының жоғары сапасы рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының басты бәсекелестік артықшылығы болып қала береді, бұған оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы индикаторы бойынша олардың нәтижелері дәлел бола алады», — деп жазды министрліктен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через