фото: pixabay.com
Кейінгі жылдары әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасау ісінде жүйелі кідіріс байқалған еді. Қазір епті кәсіпкерлер осы олқылықтыңорнын толытыруға тырысап жатқан секілді. Себебеі биыл әлемде микрочиптер сатылымы соңғы 2,5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетіпті.
24 kz жариялаған мәліметке сүйенсек, тамыз айының қорытындысы бойынша өсім 20 пайызға жетіп, 53 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 млрд долларға көп. Жартылай өткізгіштер өнеркәсібі қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, бұл 2022 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Әлемде жасанды интеллекті мен 5G-дің дамуы және электрмобиль өндірісінің қарқын алуы чипке деген сұранысты арттырды.
Фото pixabay.com.
Микрочиптер — күріш дәнінен сәл үлкенірек — ені 2 мм және ұзындығы 12. Бұл — микросхема салынған шыны капсула.
Микрочипті домофон кілті және электрондық кілттер ретінде пайдалануға болады. Құрылғыны кіріп-шығу үшін де қолданады. Тіпті, жол жүру билеті мен банк картасын да алмастыра алады.
Сондай-ақ, адам туралы медициналық ақпарат жинайтын чиптер де бар. Бұл шұғыл жағдайларда дәрігерлерге науқастың қан тобы, ауру-сырқат тарихы, анамнезі және аллергиялық реакциялары туралы толық мағлұмат алуға көмектеседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через