фото: 24.kz
Вьетнам астанасы Ханойда қоқысты энергияға айналдыратын зауыттың құрылысы аяқталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдың қолдауы арқасында жүзеге асқан бұл жоба, қаладағы ең ірі қоқыс алаңын заманауи электр станциясына айналдырып, экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруға тиіс. Ханой қаласында қоқыс мәселесі күннен-күнге күрделене түсуде. Күн сайын қалада шамамен 71 000 тонна қоқыс қалдықтары жиналады, бұл тұрғындар өміріне айтарлықтай қиындықтар келтіруде. Дегенмен, осы күрделі мәселенің шешімі ретінде Сок Сон ауданында жаңа зауыт ашылды.
Қытайдың көмегімен іске қосылған бұл зауыт, тәулігіне 5 000 тонна қалдықты қайта өңдеп, электр қуатына айналдыруға қабілетті. Электр станциясының қызметкері Нгуен Ван Тронг жаңа зауыттың ашылуы Ханой тұрғындарының өміріне елеулі өзгерістер алып келгенін ерекше атап өтті.
Нгуен Ван Тронг, электр станция қызметкері: - Бұрын Ханойдың көшелері шыбын-шіркейлерден тұншығып жататын. Тіпті, тұтынушыларымыздың тамағының арасына да осы зиянкестер еніп, санитарлық нормаларды бұзатын. Бұл әрине, гигиенаға қарама-қайшы еді. Алайда, бүгінгі таңда Ханой өзгере бастады. Қала жасыл, таза әрі әдемі. Мен бұған шын жүректен қуаныштымын.
Ханойдағы жаңа энергетикалық станция күн сайын орасан зор көлемде қуат өндіреді, бұл көптеген отбасыны электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Hanoi Thien Y Environmental Energy акционерлік қоғамы: «Бұл жоба аймақтың энергетикалық қажеттіліктерін өтеу үшін ғана емес, тұрақты даму үшін де маңызды», – дейді. Цю Дэцин, Hanoi Thien Y Environmental Energy акционерлік қоғам төрағасының орынбасары: - Әр отбасының орташа күнделікті электроэнергия тұтынуы 14 кВт сағатты құрайды. Станция күн сайын 1 жарым миллион кВт сағ электроэнергия өндіреді, бұл шамамен 100 000 отбасыны электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Энергетикалық қауіпсіздік – кез келген елдің дамуындағы шешуші фактор. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа зауыт Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері арасындағы тұрақты энергетикалық ынтымақтастықтың нышаны болып есептеледі. Жоба аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через