Елімізде онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі

Елімізде онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі
фото: pixabay.com

Азық-түлік, түрлі қызметтердің, жол ақысының қымбаттауына байланысты ақшаның жетпйе қала  беретіні рас. Мұндай кезде не істеу керек? Мамандардың айтуынша, қанша жерден ақшадан қысылып жүрсеңіз де, микрозаймды жабатындай табысыңыз болмаса микроқаржы ұйымынан ақша алмау керек. Себебі оны қайтаратын ақша болмаса — тіпті қиналасыз. Сондықтан болар, елімізде соңғы кезде қарыз ақша алғанымен оны қайтар алмай жүргендер қатары артып барады. Мұның соңы өкінішті жағдайға ұрын.дырмауы үшін үкімет жаңа амалдар қарастырып жатыр, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.  

Мысалы 2025 жылдан бастап микронесие рәсімдеу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі. Яғни, бет-жүзін жеке куәліктегі бейнесімен сәйкестендіру қажет. Сондай-ақ мобильді құралдың көмегімен цифрлық қолтаңбасы сұралады.

Құпия сөзді енгізу жүйесі де біршама қиындайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, алаяқтыққа жол бермейміз деп отыр.

Микрокредит деген не?

Микрокредит дегеніміз — микроқаржы ұйымдары беретін қарыз. Банктерден ақша ала алмағандар осы ұйымға жүгініп, тез арада ақша алады. Сомасы ондай көп емес. Мысалы, кредит тарихы нашар не ресми табыс көзі жоқ адамдарға банктер кредит мақұлдай бермейді. Ондайда амал ретінде осы микроқаржы ұйымдарына жүгіну деген тәсілді қолданады. Қазақстанда микроқаржы ұйымдарынан 5 000 теңгеден бастап, 3 000 000 теңгеге дейін қарыз алуға болады.

Микрокредиттің банк кредитінен айырмашылығы неде? Мұндай ұйымдардың қызметін алғанның артықшылығы мен кемшілігі қандай? 

Микроқаржы ұйымдары ақша беретін кезде сіздің қайда істейтініңіз, кредит тарихыңыз, қанша алатыныңыз, кепіл болатын адамдар жайлы ақпарат сұрап жатпайды. Шамалы ғана ақшаны өте үлкен пайызбен қарызға береді. «Келіскен өзіңіз — қалайда қайтаруыңыз керек» деп міндеттеп қояды. Бұл ұйымдарға сіздің бұған дейін қай жерден қанша кредит алғаныңыз аса қызық емес. Бар болғаны қазір тауып жатқан табысыңыздың шамасы. Өтінім берген күні басқа жерде төленбей жатқан кредитіңіздің болмағаны ғана маңызды десек болады. Осы ретте мынадай екі дүниені аңғара аламыз:

  • Микроқаржы ұйымдары қарызын сұрағанда түрлі амалды қолдана береді. Ең қарапайымы — коллекторлар арқылы. Яғни микроқаржы ұйымдарына беделден бұрын қаражат маңыздырақ.      
  • Микроқаржы ұйымдары тәуекелге барудан қорқа бермейді. Тіпті қайтармай кетуі мүмкін деген адамның өзіне қорықпай қарыз бере береді.