фото: eec.eaeunion.org
Бұқаралық ақпарат құралдарында «Бақылау мақсатында сатып алу» терминін жиі көруге және естуге болады, бірақ өнімді (тауарды) сатып алу мемлекеттік бақылау шеңберінде сатып алу екенін білетіндер аз.
Өнімді бақылау мақсатында сатып алуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірімен бекітілген 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрығына сәйкес.
Өнімді бақылау мақсатында сатып алу сауда базарларында, ішкі сауда объектілерінде, оның ішінде дәрілік заттарды (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда) көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінде жүзеге асырылады, техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына және (немесе) біріңғай Еуразиялық экономикалық одақтың санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) анықтау кезінде шаралар қабылдау және сынақты сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Өнімді сатып алу жоспарында өнімнің болуы бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Өнімді сатып алу жоспарына мынадай өнім енгізіледі:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21728 болып тіркелген) бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім тізіліміне енгізілген өнім;
2) ағымдағы жылы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде анықталған сәйкес келмейтін өнім;
3) өзіне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы камералдық бақылау шеңберінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауы және (немесе) сәйкес келмеуі анықталған өнім;
4) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және басқа да елдерден, халықаралық ұйымдардан сәйкес келмейтін өнімге қатысты уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы ақпарат негізінде тапсырмасы;
5) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан және әлеуметтік желілерден Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарында көзделген қауіпсіздік талаптарын бұзудың нақты фактілерімен сәйкес келмейтін өнімді өткізу туралы, оның ішінде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің қоршаған ортаға, құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы ақпарат;
6) адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін бұзатын сәйкес келмейтін өнім.
Өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу қорытындылары бойынша өнім үлгісін зерттеу хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) ресімдейді. Өнім үлгісін зерттеу хаттамасы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актіге қосымша болып табылады.
Айта кету керек, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша өнімнің техникалық регламенттердің және (немесе) және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын және бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмеуі және олардың бұзылуы анықталған кезде, ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығарылады.
Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулыны алған кезде сәйкес келмейтін өнімді дереу алып қоюға және (немесе) өткізуден кері қайтарып алуға міндетті.
Қортындлай келе, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган реттеу саясатын «таза парақтан бастап» жүзеге асырады, яғни кәсіпкерлік субъектіліріне әкімшілік жүктемені азайта отырып, заң бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігі беріледі, бірақ басты шарт- азаматтардың денсаулығын сақтау.
Алматы қаласы Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тахникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Жансеркеева Нуржанат Токтасыновна.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через