фото: pixabay.com
Базарлар емес, қазір пошталар халық көп баратын орынға айналды. Неге десеңіз, онлайн-сауданың қарқынды дамығаны соншалық, қазірде жеткізу пунктерінде арнайым киім ауыстыратын орындар көптеп ашылып жатыр, деп жазды 24.kz.
Бұрын пошта қызметі тек хат тасыса, қазір тамақтан бастап бәрін жеткізеді. Өйткені дәстүрлі сауданың интернет дүкенге ауысуы бүгінгі уақыт пен қоғам талабы болып тұр. Бұл ретте дүкендер жабылып, онлайн-қызметке көшіп жатыр. Онлайн-сауда адамзат тұрмысына дендеп еніп кетті. Қолма-қол сауда азайды. Бұл жеке дүкені бар кәсіпкерлерді тығырыққа тіреді. Таяуда АҚШ-тағы танымал бренд Salt Life 10 штаттағы 28 дүкенін жапты. Бұған себеп – компания өткен айда 38,74 млн ақш доллары көлемінде банкротқа ұшыраған.
Статистикаға сүйенсек, АҚШ-та 5 мыңдай дүкен жабылған. Сарапшылар келер жылы 75 мың дүкен өз жұмысын тоқтады деп болжап отыр. Өйткені қазір халық дүкенге барғаннан гөрі үйде отырып тапсырыс бергенге үйренді. Онлайн тапсырыс берушілердің басым көпшілігі амазон арқылы тапсырыс береді. Статистика бойынша дүкеннің сайтына ай сайын 2,5 млрд адам кіреді. Сондай ақ бұл тізімде Қытай, АҚШ, Канада, Жапония, Германияның ірі сауда платформалары бар.
Еуропада сапасыз тауар сатқандар айыппұл арқалайды
Оса аталған сайттардан, керегіңізге тапсырыс бересіз, аласыз. Дегенмен тауардың сапасы, түрі, түсі көңіліңізден шықпауы мүмкін. Бұл ретте тұтынушы құқығы бұзылады. Еуропада интернет арқылы сапасыз тауар сатқандарға аса ірі көлемде айыппұл салынады. Сондай-ақ қазірде Франция осы мәселені реттеуге ден қойып отыр. Мәселен, қазір елдегі бірқатар пошта бөлімшелерінде арнайы киім ауыстыру бөлмелері қойылған. Тұтынушылар егер киімнің өлшемі сай келмей қалған жағдайда, оны кері қайтара алады. Мұндай тәжірибе пошта қызметі өкілдерінің айтуына қарағанда кейінгі жылдары күрт төмендеп кеткен пошта трафигінің төмендеуінен келген шығындардың орнын толтыру үшін жасалып отыр.
«Алайда бұл бастама бөлшек саудагерлер арасында үлкен наразылық тудырады және егер ол ұлттық деңгейде жүзеге асатын болса, жергілікті экономиканың өміріне үлкен қауіп төндіреді», – дейді, сала мамандары.
Фото pixabay.com.
Онлайн-дүкендердің көбі сатып алынған тауар кері қайтарылмайды не ауыстырылмайды деп әдейі көрсетіп қояды. Осыған да назар аударған жөн, себебі бұл жауапкершілікті бірден сатып алушыға жүктеп қою дегенді меңзейді және тұтынушы тарапынан бірден-бір сенімсіздік туғызады. Бұл ретте біз тұтынушылардың арыз шағымын ескеруді жөн санаймыз. Өйткені Францияда, онлайн-сауда жасайтындар саны артып келеді.
Корольдік пошта қызметінде жұмысшылар жетіспейді
Әлі қыс келген жоқ, десе де британдық корольдік пошта жаңа жылға қазірден дайындықты бастап кетті. Әлемдегі ең ірі пошта қызметі рождество қарсаңында он алты мың жұмысшыны уақытша қабылдауға ниетті. Өйткені қыруар шаруа күтіп тұр. Алдын ала болжам бойынша, Лондондағы Дэвентри, Нортхэмптоншир, Уоррингтон, Чеширдегі 37 пошта орталығы күніне 1,7 млн тапсырыс қабылдауға дайындалып жатыр. Сондай-ақ, 20 футбол алаңына тең қосымша, уақытша шатыр құрылады. Өйткені, келесі айдан бастап-ақ комапния кестесінде, поштаның қызметіне жүгінген, әлемдегі ең көп кіретін электрондық коммерция веб-сайттары бар. Олардан түскен тапсырысты жеткізу үшін 4 мыңға жуық фургон тартылмақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через