Қытайда 3D-принтерде балық етін басып шығарды

Қытайда 3D-принтерде балық етін басып шығарды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қытайда 3D-принтерде өсімдік негізіндегі балық етінің аналогын басып шығарды. Нәтижесінде басып шығарылған өнім табиғи сары горбыль балығының етіне өте ұқсас болып шықты.

Чжэцзян университетінің ғалымдар тобы 3D-принтерді пайдаланып, сары горбыль балығының етін имитациялайтын өсімдік негізіндегі етті жасады. Зерттеу нәтижелерін ғалымдар KeAi Food Physics журналында жариялап, басылған өсімдік етінің табиғи горбыль балығының етімен 90% ұқсас болғанын мәлімдеді. Бұл ұқсастық тек "текстуралық сипаттамаларда" ғана емес, сонымен қатар тағамдық құндылықтарында да байқалды.

Әлем бойынша шамамен 90% балық ресурстары таусылу шегіне жеткен. Сондықтан өсімдік негізіндегі балық етін өндіру дәстүрлі балық аулауға балама бола алады.

3D-басып шығару – бұл цифрлық модельдер негізінде көлемді өнімдер жасау әдісі. Принтер материалды қабаттап жабыстырып, үш өлшемді бұйымдар жасайды. Бұл әдіспен кішігірім заттардан бастап, дене мүшелеріне және тіпті бүтін елді мекендерге дейін басып шығаруға болады.

ҚазАқпарат