фото: pixabay.com
Дауыс адамның денсаулық жағдайы туралы құнды ақпарат көзі бола алады. Дауыс аппаратының құрамына кірмейтін ас қорыту, эндокриндік және басқа жүйелердің кейбір аурулары көмейде патологиялық өзгерістер болмаған кезде де дауыс бұзылуына ықпал етуі мүмкін.
Дауысқа қарап, адамның денсаулығын бағалауға болады дейді мамандар. Бүгінгі таңда дәрігерлер үшін бұл тіпті бірқатар аурудың көрсеткішіне айналады.
Америкалық ғалымдар науқастың дауысы арқылы гипертонияның алғашқы белгілерін дәл анықтайтын жасанды интеллект үлгісін жасап шығарды. Олар жоғары қан қысымын диагностикалау үшін жүздеген вокалды биомаркерлерді қолданған.
Технологияның тиімділігін байқау мақсатында зерттеушілер 245 емделушіге тәжірибе жасап көрді. Мамандар екі апта бойы қатысушылардың дауысын 6 мәрте жазып, бақылауда ұстаған. Нәтижесінде нейрожелі әйелдердің 84%-ы мен ерлердің 77 %-ында жоғары қан қысымын дәл анықтауға қабілетті болып шықты.
Жоба авторларының айтуынша, инновация гипертониядан бөлек, қант диабеті ауруларын да диагностикалай алады.
Жалпы адам айқайлап, ұзақ сөйлесе дауысын жоғалтуы мүмкін. Бұл тіпті бірқатар мамандықтар үшін кәсіби ауру деп аталады.
Мұндай ауру мұғалімдерге, спикерлерге, мектеп мұғалімдеріне, адвокаттарға және т. б. дауысына салмақ түсетін мамандық иелеріне тән.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через