фото: pexels.com
Қазақстанда қызметі мен әрекетіне қатысты шағым көбейген полицейлер арнайы тестілеуден өтуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бүгінде тәртіп сақшыларына арналған сынақтың үш санаты әзірленіп жатыр.
Кімнің қандай тест тапсыратынын бас прокурор бекітеді. Ал қай полицейдің тест тапсыратыны оның әрекетінің заңдылығы мен жауапкершілігіне, халықпен қарым-қатынасы мен этикасына байланысты түскен шағымға қарай анықталады.
Сынақтан өте алмағандардың "тағдырын" кейін арнайы комиссия шешеді. Бұл тәртіпті көздейтін жаңа қаулы қазір қоғам талқылауында.
Заң жобасы әлі де толықтырылып жатыр, өзгеруі де мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через