фото: pexels.com
Қыркүйек айынан бастап несие алудан ерікті түрде бас тартуға қатысты қорғау механизмі күшіне енеді. Қазақстан азаматтары үшін мұндай құқық 2024 жылдың ақпан айында заңмен енгізілген болатын. Бұл шектеу ломбардтарға және клиенттерінің несие тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қатысты емес. Бұл өз еркімен кредит алудан бас тартқан азаматтарға ғана қатысты.
Екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржы ұйымдары олардың атына алынған қарызды автоматты түрде есептен шығаруға міндеттеледі. Жалпы осы уақытқа дейін 461 мың қазақстандық eGov.kz порталы арқылы несие алудан өз еркімен бас тартқан. Оларға 6 ай көлемінде кредит берілмейді.
Алаяқтық операциялар туралы мәлімет алмасу орталығы (Антифрод-орталық) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Осылайша мемлекет қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы тұруға тырысып жатыр.
Фото pexels.com.
Антифрод-орталық дегеніміз не?
Антифрод-орталықты құру жобасы құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары және ұялы байланыс операторлары біріккен технологиялық платформа. Антифрод-орталықтың жұмысы қаржы нарығы субъектілері арасында нақты уақыт режимінде күдікті операцияларды, соның ішінде тиісті белгіленген алаяқтық операциялар туралы мәлімет алмасуды қамтиды. Енді қаржы ұйымдары алаяқтық операцияларды дереу анықтап, бұғаттап, алаяқтық белгілері бар операцияларға жедел әрекет ете алады, қатысушылар арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмаса алады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша шамамен 400 оқиғаны анықтап, алаяқтық әрекеттермен байланысты шамамен 30 миллион теңге көлемінде қаражатты бұғаттаған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через