фото: pixabay.com
Антикор ғылымды қаржыландыру саласында жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Яғни ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудағы көзбояушылық пен нәтижелер үшін жауапкершілік болмаған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық өтпеген. Сорақасы сол, арнайы тізімге алынған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы сараптама жүргізбеген. Cәйкесінше бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелді.
30 зерттеу жұмысы бойынша сараптама белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін жүргізілген. Ал оның құны 11,5 млрд теңге.
Тың жобаларды коммерцияландыру үшін мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінген. Алайда көздеген меже іске аспай қалу дерегі де анықталды. Мәселен, ақпараттық және есептеу технологиялары институты биогаз және биотыңайтқыштар өндіретін жабдықтарды әзірлеуге 290 млн теңге жұмсады. Бұл ретте нарықта дәл сондай дайын технологиялар он есе арзан, яғни 19 млн теңге тұрады. Талдау нәтижелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізілді.
Данияр Бекайдаров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: - Мемлекет 2016 жылдан бастап осы мақсатта шамамен 32 млрд теңге жұмсады. Оның ішінде жобалардың 90 пайызы мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмады. Бұл нәтижесіз бастамалар болып табылады. Сонымен қатар зерттеулердің 70 пайызы мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталды. Көптеген әзірлеме практикалық тұрғыда маңызды болмады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через