Астанада Абайдың алып цифрлық портретін көруге болады

Астанада Абайдың алып цифрлық портретін көруге болады
фото: © Photo : Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігі

65 метрлік портретті шолу дөңгелегінен кешкі уақытта көруге болады. Оны 53 мың пиксельден астам жаңа LED жарықтандыру негізінде жасады.

Анимация кезінде қазақтың ұлттық ою-өрнектері де шығып тұрады.

© Photo : Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігі

"Нұра ауданы әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда аталып өтетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимация 16 тамызға дейін көрсетіледі", - дейді әкімдік мамандары.

© Photo : Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігі

Айта кетері, ұлы ақынның туған күні 2020 жылы мерекелік даталар тізіміне енгізілді. Содан бері Абай күні болып аталып өтеді. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толып отыр.