фото: zerenda.aqmoedu.kz/news
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы осы мәселе төңірегіндегі түрлі әңгеменің нүктесін қойды.
Ол білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтетінін атап өтті.
Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. 2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады, - деп түсіндірді Мереке Амангелдіқызы Facebook-тегі парақшасында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через