АЭС керек пе?

АЭС керек пе?
фото: pixabay.com

2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы 13 млрд киловатт/сағаттан асуы мүмкін. Ғалымдар осындай болжам жасап, алаңдатушылық танытып отыр. Олар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр станциясын салуды ұсынды, деп жазды 24 кз. 

АЭС қажеттілікті қамтамасыз ете ала ма?

Әлемде 59 атом станциясы салынып жатыр. Оның дені Қытай мен Үндістанда бой көтереді. Шығыстағы көршіміз 25, ал үнді халқы 7 электр бекетін салуға ниетті. Сондай-ақ Түркия, Египет, Ресей секілді мемлекеттер де АЭС-тің құрылысына ден қойған. Бізде де бұл бастама бірнеше рет айтылған еді. Қазір қоғам талқысында.  

Дарын Бөргеков, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының астана қалалық филиалы директорының орынбасары: - Қазір елімізде энергияның тапшылығы бар екенін бәрімізге мәлім. Оны біз көрші елдерден сатып алып жатырмыз. Атом электр станциясын салу біріншіден энергетикалық тәуелсіздік, басқа елдерден. Өзіміздің энергияны өзіміз жасап шығаратын боламыз.  

Мамандар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом станциясын салуды ұсынып отыр. Мұны мемлекет басшысы да айтқан еді. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев электр орталығын салу немесе салмау туралы шешімді халық қабылдайтынын айтты. Ал жұрттың санасы санға, ойы онға бөлініп отыр, ел ішінде алуан түрлі пікір бар. 

Фото pixabay.com.

БЛИЦ: 

- Электр тапшылығы бар, қолдаймын өзім. Ертең алдағы уақытта да керек болады. 

- Қазір халқымыз да көбейіп бара жатыр, қаламыз да, ауыл да көбейіп бара жатыр. Керек негізі, менің ойым.

 - Экономика жағынан тиімді. Қазақстанға керек. Жер көп. 

Қауіпсіздік басты назарда. 

Ғалымдар ғылымның озық нәтижесіне сенім білдіруге шақырады. Атом станциясы салынатын болса, құрылысты әлемнің озық компаниялары  жүргізеді. Өндірісте де заманауи технологиялар пайдаланылады. 

Лука Таглиапиетра, Ядролық энергетика инженері, ядролық құқық жөніндегі кеңесші: - Адамдарды радиация, радиоактивті заттардың ауаға тарауы тәрізді қауіптер алаңдатады.  Алайда бұл заттар тек атом электр станциясының ішінде болады, сыртқа шықпайды. Одан қауіп жоқ. Ал кездейсоқ тарайтын жағдай бола қалса, жүйе өздігінен автоматты түрде жабылады.  

Сондай-ақ станция салу ісі алып шаһарлардың аспанын қара түтіннен құтқаруға мүмкіндік береді. Яғни, басқа энергия көздеріне қарағанда экологиялық жағынан тиімді. Жаһан жұртының ғаламдық жылынудан жапа шегіп, ауаны қалай тазартудың жолын атом орталықтары арқылы іздеуге көшкеніне де көп болды.   

Фото pixabay.com.

Лука Таглиапиетра, Ядролық энергетика инженері, ядролық құқық жөніндегі кеңесші: - Атом электр станциялары көмірқышқыл газы, ілеспе газдар тәрізді ауаны ластайтын қалдықтарды шығармайды. Экологиялық жағынан тиімді. Әлем көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға тырысып жатыр. Бұл ретте атом электр станцияларының маңызы зор. Иә, әлемде халық саны өсіп жатыр. Бізге энергия қажет. Бұл орайда елді жеткілікті қуатпен қамтамасыз ету үшін қауіпсіз деп танылған жаңартылатын энергия көздерімен қоса, атом энергиясын пайдалану маңызды. Бұл әр мемлекеттің алдында тұрған мақсат. 

Арман Миниязов, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзырет орталығының директоры: - Атом энергиясы арқылы электр энергия ол табиғатқа деген, қоршаған ортаға деген зияндылығы мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан бұл жерде атом энергетикасыз қарқынды дамыған экономиканы қарастыру мүмкін емес. Себебі қазіргі таңда өнеркәсіптің дамуы, технологиялардың олардың барлығы электр энергиясын қажет етеді. 

Электр энергиясынсыз экономиканы ілгерлетуді мүмкін емес. 

Мұны мемлекет басшысы да баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев, электр қуатына тәуелсіз болмай, тыңнан түрен салу қиын екенін ескертті. Сондай-ақ, өзге секторларды дамыту үшін, энергетика саласына ден қоюдың маңызына тоқталды. Оған еліміздің әлеуметтік әлеуеті де, табиғи ресурстры да жеткілікті екенін айтты. 

Акиро Токухиро, Онтарио технологиялық университетінің профессоры: - 70 жыл бұрын атам электр станцияларына қорқынышпен қарайтын едік, қөзір ол әлдеқайда қауіпсіз. Ең бастысы сіздерде жоғары білікті мамандар бар. Кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Атом энергетикасының пайдасы тек электр өндіруде ғана емес, сонымен қатар басқа салаларды дамытуға мүмкіндік береді. 

 Дарын Бөргеков, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының астана қалалық филиалы директорының орынбасары: - Қаз Атом өнеркәсібі уранды шикізат ретінде шығарып жатса, Үлбі комбинаты ядролық отын ретінде жасап жатса. Ядролық физика институты тура сондай атом реакторымен 57 жыл қолданып жатса, ұлттық ядролық центр оны тексеріп жатса, яғни бізде қор бар, әлеует бар, мамандар бар деген сөз және де оны басқада жел, күн энергиясымен салыстыратын болсақ, бәрімізге мәлім, жел энергетика, күн энергетикасы да ол ауа райына тәуелді. 

Көшбасшылардың көрсеткішіне келсек, дамудың даңғылындағы көп елдер әлдеқашан атомды кәдеге жаратуға ден қойды. 

Мәселен, АҚШ-та 94, Қытай мен Францияда 56, Ресейде 36, ал Жапонияда 33 атом станция бар. Әлем елдеріндегі ядролық энергетикалық реакторлардың саны АҚШ - 94 Қытай - 56 Франция - 56 Ресей - 36 Жапония - 33