фото: https://www.rii.edu.kz/ru
Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша бір жарым мыңға жуық студент жоғары білім алып шықты.
Тегін оқып, мамандық иесі атанды.
Жанболат Шанан Түркістан облысы Сарығаш ауданының тумасы. Петропавлға 5 жыл бұрын «Серпін» бағдарламасы бойынша келген. Былтыр жергілікті университетті IT мамандығы бойынша бітіріп, осында қалған.
Жанболат Шанан, ақпараттық технология саласының маманы:
- Жалпы айтқанда «Серпін» бағдарламасы өзіме ұнады. Грантта оқыдым, стипендия алдым. Және де осы жерде жақсы жұмыстар, жақсы жұмыс тауып алдым. Көптеген, қалай айтсам болады, көптеген мүмкіндіктер бар. Әртүрлі жұмыстар өзіңнің қалауың бойынша.
Елімізде «Серпін» бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. Сол кезеңнен бері Петропавлда бір жарым мыңға жуық студент жоғары білім алды.
Азамат Жікеев, жоғары оқу орнының басқарма мүшесі:
- Келер жылы университет қабырғасынан бағдарламаны қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде заңгерлер, психологтар жұмыс істейді. Олар өзге өңірлерден келген талапкерлерге кеңес береді.
Бұл жоғары оқу орны Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындармен де тығыз байланыс орнатып, дуалды жүйенің жемісін көріп отыр. Диплом алған түлектер мамандығы бойынша бірден жұмысқа орналаса алады.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через