фото: https://www.istockphoto.com/
Шілденің соңы көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының пісетін уақыты. Базарларда көкөністер мен жемістердің түрі көп. Ерте піскен көкөністер мен жемістерді дұрыс таңдалмаса, улануы мүмкін.
Бұл организмнің «жеделдетілген режимде» өсірілген көкөністерде белгілі бір мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін. Өндірушілер тыңайтқыштардың артық мөлшерде пайдаланады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тартымды көрінеді, бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді. Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұзына айналады, ал осы соңғылары өте зиян.
Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында. Аз мөлшерде нитраттарды және одан да аз нитриттерді ағзамыз қысқа уақыт ішінде шығара алады, бірақ ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түріне әкеп соғады.
Көбінесе нитраттардың көп мөлшері қызылша, кәді, қырыққабат, шөптер, шалғам, қарбыз және қауында кездеседі. Әсіресе ерте піскен көкөністер мен жемістерді тұтынғанда абай болу керек.
Қарбыз бен қауын сөрелерде ерте пайда болғанда нитраттармен улану ықтималдығы жоғарылайды. Ең «жылдам» сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай пісе бастайды. Тамыздың соңынан бастап қазанға дейін – жақсы піскен қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы уақыты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через