фото: pexels.com
Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін. Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілмек, деп жазды qazaqstan.tv сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердің 2 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеу ұсынылды.
Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады.
Ал микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз кредит берудің сомасы екі есе төмен, яғни микроқарыз көлемі 4 млн теңге болса кепілсіз бермеуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, жаңа нормалардың кепілдендірілген несиелерге қатысы жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через