фото: pexels.com
Өткен ғасырда оқып, ержеткен аға-апалар хат арқылы сөйлесіп, сауатты мәтіндер құрастырып, тілдің сұлулығына ұмтылды. Қазіргі жастар қарапайым терминдерді қолдана отырып, хабарламаларды мейлінше қысқа жазуға дағдыланған. Интернет қолданушылары бәрін тез жасайды. Олар грамматикаға, пунктуацияға және емлеге назар аудармайды.
Бұл жерде жазудың жоғары стилі туралы әңгіме қозғаудың өзі артық секілді. Нәтижесінде біз қате мәтіндерді көбірек көзіміз шалып жүр. Бұл бас әріптер мен тыныс белгілері жоқ хабарламалар. Сөздегі қателіктер мен түсініксіз қысқартулар да нормаға айналып барады. Жастар бұл стильге бой үйреткен. Бірақ психологиялық деңгейде мұндай қарым-қатынас әдетке айналуы ықтимал.
Өйткені, адам сөздің қате жазылуын 10 рет көрсе, соған қарай бейімделе бастайды. Мұның бәрі қоғамдағы сауатсыздыққа жетелейді.
Біз интернетті қазақ тілінде сөйдете білуіміз керек. Осы іспен қатар, жастарды әлеуметтік желілерде таза әрі сауатты жазуға шақыруымыз керек. Креативті индустрия біздің елімізде енді ғана дамып келеді. «Баланы жастан...» демекші жаңалықты жақсы бағытқа бұруға ұмтылуымыз керек.
Фото pexels.com.
Бүгінгі таңда әлемді жаулап алған ғаламторда қазақ тілінде сөйлейтін 5 шақты арна бар. Бұл әрине өте аз.
Қазіргі таңда 1 қазақ тілді YouTube арнаға 70-80 басқа тілдес канал шығады. Тек кино ғана емес музыка, ойындар болуы керек. Оның бәрін реттестіру керек, ол бір адамның қолынан келмейді. Сондықтан бір ұйым немесе департамент керек.
Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде балалардың 77 пайызы YouTube желісін қолданады. 41 проценті TikTok, 30 пайызы Instagram-дағы контентті құп көреді. Сондықтан қазақ тіліндегі контенттің маңызы зор.
Креативті индустрия жалпы «Креативті экономика» ұғымы Қазақстанда жақында пайда болса да қарыштап дамып жатыр.
Отандық кино, музыка, өнер туындылары әлемдік чарттар мен беделді рейтинтерде үздіктердің қатарында. Бұл сала бүгінде біршама елдің табыс көзіне айналған.
qazaqstan.tv сайты жариялаған ресми статистикаға сүйенсек, қазір әлемде 30 млн-ға жуық адам экономиканың осы секторында табыс тауып жүр. Ал, Қазақстандағы креативті кәсіпкерлер саны 30 мыңнан сәл-ақ асады. Алдағы мақсат олардың қатарын көбейтіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесін 5 пайызға жеткізу.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через