Алматы маңындағы атышулы ферма: екі мыңдай есек бағудағы мақсат не

Алматы маңындағы атышулы ферма: екі мыңдай есек бағудағы мақсат не
фото: Александр Павский/Kazinform

«Алматы маңында есек фермасы бар. Ондағы малдың еті қала мен жақын маңдағы дәмханаларға сатылады». Әлеуметтік желіде желдей ескен әңгіме видеосымен қоса тарады. Шаруашылық қандай мақсатта, қашан ашылғанын анықтау үшін Kazinform тілшісі мегаполистен 140 шақырым жерде Ақтерек ауылының маңында орналасқан фермаға барып қайтты.

есекФото: Александр Павский/Kazinform

Жануарларды Қытайға тірідей экспорттау жоспарланған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, шаруа қожалығында алғашқы кезде малға азық болатын дақылдарды өсіру жоспарланған. Бұл мәліметті «КазАгроМакс» қожалығының иесі Максим Пожигайлов та растайды. Оның айтуынша, кәсіпкер 1400 га жерді 2024 жылдың ақпан айында шетелдік инвесторлардың көмегімен сатып алған.

Сондай-ақ ферма иесі шаруа қожалығында аграрлық іспен қатар тұяқты жануарларды бағып, оларды тірідей шетелге экспорттау жоспарланғанын айтты. Жем-шөп егілген егістің есебінен алынбақ болған.

- Егістікпен қатар, Қытайға жануарларды тірідей экспорттау жоспарланды. Себебі, біздің серіктесіміздің Құлжа қаласында фермасы бар. Ол сүт сауумен айналысады. Бұл сүт онкологиялық ауруханаларға жіберіледі. Себебі, есек сүтінде казеин ақуызы көп, ол өкпе мен бауырды емдеуге көмектеседі. Бірақ бұл біздің еліміз үшін жарамайды. Сондықтан тек экспорт жасау жоспарланды, яғни шағын экономикалық орта қалыптастырғымыз келді. Осында дақылдарды егеміз. Оны малға беріп, кейін экспортқа жібереміз, - деді Максим Пожигайлов.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкер 2024 жылдың наурызында Жетісу облысынан жалпы саны 1405 есекті ветеринарлық анықтамасымен сатып алған. Бүгінгі күні шаруа қожалығының аумағында 1700 есек бар және оның 1032-сі Дегерес ауылдық округінің ветеринарлық пунктінде тіркелген.

ферма

Фото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/Kazinformесек фермасыФото: Александр Павский/Kazinform

есек

Фото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/Kazinform

Есек асыраудың ерекшелігі бар ма?

Ақтерек ауылынан 10 км қашықтықта, Дегерес ауылынан 34 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында бүгінгі күні 4 адам жұмыс істейді. Олардың бірі – Еркін Қожаберген. Мал бағумен 25 жылдай айналысқан ол бұл қожалыққа биыл қыс кезінде келген.

Еркін Қожаберген

Фото: Александр Павский/Kazinform

- Есектерді жем-шөбін беріп асырап отырмыз. Бірақ олар мұнда сойылмайды. Таңғы 5-терде суын, 6-ларға таман шөбін береміз. Түскі уақытта суын беріп, кешкі уақытта қайтадан шөбін береміз. Күніне 450-500 бума жоңышқа, 3 тоннадай су кетеді. Жалпы өзім мал баққаныма 25 жыл болды. Жасым 54-те, Ақтеректенмін. Бірақ қазір осы қожалықтағы үйде тұрамын, – деді Еркін Қожаберген.

есек

Фото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ ол есек асыраудың өзіндік қиындығы бар екенін атап өтті. Шаруаның айтуынша, жылқы тектес бұл жануарды қой не жылқы секілді жазық далада жая алмайсың.

- Есекті бірінші рет бағып отырмын. Бұлар жылқы тектес. Бірақ өзге мал секілді бастары бірікпейді. Жайсаң жан-жаққа кетіп қалады. Сол үшін қамап отырмыз. Сондай-ақ мінездері шатақ. Бір-бірімен өте жиі төбелеседі. Өздері суықты көтермейді, ал ыстықта суды көп ішеді. Бірақ бір жақсы қасиеті – шөп талғамайды, – деп атап өтті ол.

есек

Фото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/Kazinform

Шаруашылықтың бүгінгі мақсаты қандай?

Максим Пожигайлов алғашқы жоспары өзгергенімен, есекті тірідей Қытайға экспорттауды әлі де жоспарлап отырғанын айтады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін экспорт жасалмаған. Алайда жануарлардың алғашқы тасымалы алдағы айда орындалуы мүмкін.

- Жануарды тірідей экспорттау үшін олар арнайы карантиндік аймаққа 45 күнге орналастырылады. Анализ алынып, тексеріледі. Қазақстанда алдымен 45 күндей, кейін Қытайда 30 күндей карантинде болады. Менің қазіргі мақсатым – осы жануарларды баптап осында ұстау және карантиндік аймаққа дейін жеткізу. Ары қарай біздің серіктестеріміз айналысады, – дейді ол.

есек

Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, жануарларды экспортқа шығару үшін шаруа қожалығы Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясынан «Ауылшаруашылық жануарларын өсіріп бағумен айналысуға» ветеринарлық, санитариялық қорытынды және есептік нөмір алуы қажет.

есек

Фото: Александр Павский/Kazinform

«КазАгроМакс» иесі бүгінгі күні қожалықты үш қоршауға бөліп, 1700-ге жуық есек ұстап отыр. Әр қоршауда 500-ге жуық жануар бар. Шаруа қожайыны оларды асыруға күнделікті 500 бума шөп кететінін айтады.

- Есектің әрбіреуін 35-45 мың теңгеге сатып алдық. Мал дәрігері сауда кезінде қай жануар сау, қайсысын алуға болады, қайсын алуға болмайтынын айтып, әрқайсысын қарап шықты. Қазір 1700-ге жуық жануар бар. Олардың саны азайып-көбейіп тұрады. Жануарларға таңертең және кешке жем-шөп береміз. Күніне 500 бума шөп кетеді. Бір бумасы – 950 теңге. Есептейтін болсақ, бұл – нағыз шығын. Осыған қарап, бұл жануардың етін сатамыз деу жалған екенін түсінуге болады. Есектің еті ешкімге керек емес. Екіншіден, бұл – тиімсіз. Оны сатсам да, қандай бағаға өтер еді? Одан сайын шығынға батамын. Ал Қытайға экспорттайтын болсам, кішкене болсын пайда түседі, – деді Максим Пожигайлов.

есек

Фото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/KazinformесекФото: Александр Павский/Kazinform