фото: pexels.com
Бұдан бөлек 13 мыңнан аса құнды кітап сақталған. 81 томдық энциклопедия да кітап қоймасында тұр, деп жазды 24.kz.
Ертең халықаралық мұражай күні. Осыған орай тілшіміз Зарина Кәп Ұлттық мұражайдағы құнды қолжабаларды көріп қайтты.
Бұл мұражайда 1,5 млн ға жуық кітап бар. Оның 13 мыңнан астамы сирек кездесетін құнды дүние. Кейбірінің тіпті жалғыз түпнұсқасы осы мұражайда. Мамандардың айтуынша, оқырманға қызығы сирек кездесетін кітап мұқабалары. Мұнда мұқабасы адам терісінен, сондай ақ жылан мен бұзау терісінен жасалған кітаптар бар.
Мөлдір Баймұхаметова, мұражайдың ғылыми қызметкері: - Қытай мемлекетінен келген кітаптардың ерекшеліктері - олар жібек матадан жасалған. Алтыннан жасалған, күмістен жасалған, жылан терісі, жыланның үлкен түрі питон терісінен түрлі мұқабалар бар. Тіпті Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Қан мен терінің» өзі ағылшын тілінде Нью-Йоркта басылып шыққан. Біреуі жылан терісінен, біреуінің ішін алтын жіппен әдіптеп жасаған.
Алтын жіппен әдіптеліп, күміспен қапталған талай дүние тұр мұнда. Коллекциялардың көшін Құран кітабы бастаса, одан кейінгі бір құнды шығарма - қазақ әліппесі. Бұдан соң түрлі саланы қамтитын энциклопедиялар бар.
Фото pexels.com.
Дариға Дәуренбекова, Сирек қор секторының меңгерушісі: - Сирек қор бірнеше коллекциядан тұрады. Сол әр коллекция бойынша көрсеткіш шығарамыз. Сол бүгінгі күнге дайын көрсеткіш екі томнан тұрады. 1929-1940 жылдары біздің қазақ жазбамыз латын қарпімен шыққан. Сол кезде шыққан кітаптар екі томдық көрсеткішке кіріп отыр. Бірінші томы кітаптар, екінші томы журнал-газеттер. Біздің ұлттық электронды кітапханада мәтіні бар, шифры бар, QR коды бар. Бәрі осы екі томға кірді.
Мұражай қызметкерлері кітапхана қорындағы кітаптар әлі де зерттеуді қажет етеді дейді. Ескі латын, шағатай тілдеріндегі шығармаларды оқуға қызыққан жастар көп. Тіпті арнайы курсқа барып, сол тілді үйреніп, кейін түпнұсқа кітабын зерттеп жүргендер де бар.
Мөлдір Баймұхаметова, мұражайдың ғылыми қызметкері: - Ол кездегі тарихты танысып, білгісі келгендерге біз бағыт-бағдар береміз. Өйткені барлығы да төте жазуды, латын қаріпін және араб, шағатай, рунаны оқи алмайды ғой. Мысалы рунаны оқып үйренемін дегендерге Ұлы будын қоғамдық қорында арнайы мұғалімдер бар. Жекелеген сайттары бар. Сол арқылы танысып, біле аласыз.
Ең бастысы мұндағы кітаптың бәрі оқырманға қолжетімді. Бірақ үлбіреп тұрған дүниені қолға бермейді. 3D форматтағы электронды нұсқасын көріп, оқи аласыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через