фото: egemen.kz
Наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл тестілеуге 184 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық.
Қатысушылардың 74,4 пайызы қазақ тілінде, 25,5 пайызы орыс тілінде, 216 талапкер ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған. Талапкерлер тест күнін, уақытын және пунктін өздері белгілеген. Ең көп таңдалған пәндер комбинациясы – «Математика-Физика» (18,7%), одан кейін «Биология-Химия» (16,6%) және «Шығармашылық емтихан» (10,3%).
Биылғы формат өзгеріссіз: үш міндетті және екі бейіндік пән, барлығы 120 тапсырма. «Қазақстан тарихынан» – 20, оқу және математикалық сауаттылықтан – 10 тапсырмадан, ал әр бейіндік пәннен – 40 сұрақ. Ең жоғары балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут қарастырылған. Бағдарламада калькулятор, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Нәтижемен келіспеген жағдайда талапкер 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через